Бішкекте төбелестің арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Бішкекте 13 мамырда хостел қонақтары арасындағы төбелестен басталған шиеленісті жағдайдың соңы жаппай тәртіпсіздікке әкелді, деп хабарлайды KAZINFORM.Свердлов аудандық ішкі істер басқармасының мәліметінше, Будённый көшесінде орналасқан көбінде шетелдіктер тұратын хостел маңында жаппай төбелес болған. Оған қатысқандар арасында үш шетелдік бар.Шетелдіктер жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. Оларға Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қазір Бішкек полициясының изоляторында қамауда отыр.  Дегенмен 17 мамыр кешке қарай хостелдің жанына әлгі шетелдіктерден «кек алып, сазайын беруге» кей мәлімет бойынша 300-ге жуық жас жиналған. Тез арада әлгі үш шетелдік видео арқылы қырғыз халқынан кешірім сұрады. Қазір су атқышы бар ішкі әскерлер 7 сәуір-Шу көшелерінің қиылысында тұр. Олар 7 сәуір көшесін солтүстік бағытта қоршауға алған. Олардың оңтүстік тұсына сол сағаттың өзінде 1000-ға жуық адам жиналды.Полиция тосқауыл қойып, тәртіпсіздіктің алдын алып жатыр.Қоршауды бұзуға ұмтылғандарды ұстауда. Қазірге дейін 10 шақты адамды ұстап әкеткен.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында монша өртке оранды
Алматыда жиһаз цехында өрт шықты
Тарихта алғаш рет: Қазақстандықтар каратэден командалық әлем чемпионатына қатысады
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Рейсті 15 сағат кешіктірген: «Эйр Астана» тағы айыппұл арқалады
Алматыда №12 мамандандырылған гимназия ғасырлық мерейтойын атап өтті
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
ТЖМ құтқарушылары елордада жаппай рейд өткізді
Жасырын қауіп: үйдегі бұл заттарды ай сайын ауыстыру керек
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Қызылорда облысында газ желісіне қосылған ауылдар саны артты
ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті