Бішкек аумағы үш есеге жуық артады. Бұл туралы Бішкек қалалық кенеш сессиясында астана мэрі Айбек Джунушалиев мәлім етті. «Кейінгі ұсыныс бойынша астана аумағы 12 900-ден 37,8 мың гектарға дейін кеңейеді», - деді ол. Қала басшысының сөзінше, сегіз айыл окмот пен төрт ауылдық басқарманың кейбір ауылдары Бішкек қаласына қосылады. Ол жақында президент жарлыққа қол қоятынын атап өтті.