Бітпеген мектеп: Жамбыл облысында оқушылар ауыл әкімдігінде білім алуға мәжбүр

Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында оқушылар құрылысы бітпеген мектепте білім алуға мәжбүр. Айдарлы ауылындағы орта мектептің күрделі жөндеуі 2023 жылы қазанда аяқталуы тиіс болған. Бірақ жауаптылар жұмысты әлі күнге бітірмеген, деп хабарлайды Almaty.tv.Салдарынан 1-4 сынып балалары жапсарлас ғимаратта, 5-11 сынып оқушылары ауыл әкімдігінде білім алуға мәжбүр. Тұрғындар «ыстық тамақ мешітте беріліп жатыр» дейді. Бейнежазбада тіпті «тазалық жұмыстарына мектеп оқушылары тартылып жатыр» делінген. Білім басқармасындағылар мұны жоққа шығарды. Дегенмен олар ағарту ошағындағы жағдай мен күрделі жөндеудің кешіккенін растап отыр. Бүгінде директорға тәртіптік шара қолданылып, мердігерді сотқа берген. – Қазіргі таңда мектептің ішкі жұмысының барлығы 100 пайыз бітті. Даладағы абаттандыру жұмыстары, яғни брусчатка төсеу қалды. Соңғы уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыс тоқтап қалған. Компания 20 наурыздан бастап 1сәуірге дейін жұмысты аяқтаймыз деп жоспарлап отыр, – деді Мойынқұм аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық теннисшілердің Аустралия ашық чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Путинцева WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты
Елімізде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Елімізде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
10 қаңтарда тұман түсіп, көктайғақ болады: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады
Алматы зообағында ширек ғасыр өмір сүрген Хан есімді керік өлді
Шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есеге артты
Төтенше жағдай бойынша үздік аумақтық өртті бақылау бөлімшесі анықталды
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
“Болашақ“ орталығы Калифорнияда оқып жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады
Алматыда жол ережесін өрескел бұзушы қамауға алынды
Тапаншамен қауіп төндірген: Оралда полиция мас жүргізушіні ұстады
Шавкат Рахмоновтың бапкері келесі жекпе-жектің уақытын атады
Декларация тапсыру кезегі кімдерге келді?
Депутаттар әскерилерге заңнамалық жаңашылдықтар туралы айтты
еGov көрсететін қызмет саны артты
"Қазгидромет"ертең 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Бельгия премьер-министріне уланған хат жіберілген
Астана маңындағы ауылда жаңа жайлы мектеп ашылды
«Жын шығарушы емшінің» ісіне қатысты Балаларды қорғау комитеті мәлімдеме жасады
Мәжіліс депутаттары Жетісудағы кірпіш-керамзит зауыты қызметкерлерімен кездесті
Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады