Бұдан былай полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушінің құжаттарын тексермейді

Елімізде енді жол ережесін бұзған жүргізушілер автоматты түрде анықталады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Оның айтуынша, қазір Қазақстан жолдарында жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркейтін 22 мың бейнебақылау камерасы орнатылған. Бүгінде полиция жол ережесін бұзған жүргізушілерді автоматты түрде анықтауға кіріскен. - Біз «Қорғау» бағдарламасын қолданамыз. Ол жалған нөмірлері бар, сақтандырусыз, іздеуде жүрген немесе жол қозғалысы ережесін бұзатын және айыппұл төлемейтін көліктерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бұрын барлық көлікті тоқтатып, құжаттарды тексеру қажет болатын. Ал қазір жүйе көшедегі бейнебақылау камеларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейдің планшетіне «қауіпті» жүргізушінің жақын жерде жүргені туралы хабарлама жібереді. Нәтижесінде полиция әрекет етеді, - деді Ақтоты Боранова ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында. ІІМ өкілі жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталып жатқанын жеткізді. - Бағдарламаның көмегімен жалған нөмірлерді пайдаланудың 1,5 мыңға жуық фактісі, жүргізуші куәлігінен айырылған 6 мың жүргізуші анықталып, 8,5 мың мемлекеттік нөмір тәркіленді. Айыппұл тұрағына 29 мың автокөлік қамауға алынды, - деді аға инспектор. Ақтоты Боранова жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркейтін камералар басқа өңірлерде де орнатылатынын жеткізді. - Өңірлерде мұндай камералардың, оның ішінде «Қорғау» жүйесіне қосылған камералардың желісін кеңейту ұсынылады. Бұл көлік жүргізу мәдениетін арттыруға, жол ережесін бұзғандарды жауапқа тартуға мүмкіндік береді, - деді аға инспектор.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Алматы маңында жер сілкінді
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі