Бүгін – дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні

Қазақстанда 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар. Яғни, халықтың ең белсенді өкілдері бірлескен қоғамдық топтар. Оның 18 мыңы жүйелі жұмыс істейді. Аталмыш мекемелердің басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Әрі азаматтық қоғамның рөлін күшейтіп, мемлекеттік органдармен ашық диалог орнату. Бүгін – осы жүкті арқалап жүрген үкіметтік емес ұйымдардың дүниежүзілік мерекесі. Гүлнәр ҚҰРБАНБАЕВА, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: Біз жылына 200 млннан астам іс-шараға атсалысамыз. Соңғы 10 жылда қабылданған барлық заңнамаға пікір білдіріп, сараптама жасадық. Осыдан 20 жыл бұрын 500 ғана үкіметтік ұйым бар еді. Жыл сайын қатарымыз көбеюде. Дегенмен әлі де болса біздің ұйымның жұмысымен таныс емес белсенді азаматтар көп. Жалғыздың үні шықпас демекші, бірлесіп кез келген мәселені оңай шешуге шақырамыз. Үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес қауымдастық арасында жұмыс заң аясында жүйеге келтірілген. Тек әлеуметтік мәселелерді шешерде қолымыз қысқа, - дейді белсенділер. «Хас шебер» қауымдастығының мыңнан аса шебері көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер арқылы табыс табуына көмектесіп жүр. Зиуар ЖҰМАНОВА, «ХАС ШЕБЕР» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Үкіметтік емес ұйымға жуырда тіркелдік. Ал былай өзіміз атсалысып жүргенімізге 2,5 жылдай болды. Оған дейін де жеке-жеке болып жүрдік. Қазір енді барлығымыз бірге «Хас шебер» қауымдастығы ұйымының астына бірігіп, атсалысып жүрміз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
"37 пайызға дейін су үнемдеу": Министрлік мажарлық препарат сынағын жариялады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды
БҚО-да құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті