Бүгін – дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні

Әлемде 537 миллион адам қант диабетіне шалдыққан. 2045 жылға қарай олардың саны 783 миллионға дейін барады деген қауіп бар. Елімізде де қауіпті дерт белең алып барады. 500 мыңға жуық адам есепке алынған. Арасында балалар да бар. Бұл мамандарды алаңдатып отыр. Қостанай қаласының тұрғыны Сақыпжамал Ажығалиқызы 35 жылдан бері қант диабетімен күресіп келеді. Жасы-84-те. Бұл ауруға үздіксіз диета, ерекше күтім керек дейді ол. Сақыпжамал ЕСҚОЖИНОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:  Басқа да ауру жетеді. Сосын диета ұстаймын. +Көп деп жатыр жастарда. Тіпті туған балалар да диабет болып жатыр дейді. Құдай сақтасын. Жаман ауру ғой бұл. Қазір елімізде 480 мың ересек және бес мыңнан аса бала қант диабетімен өмір сүріп жатыр. Оның ішінде тағдыры инсулинге байланғандардың саны- 28 мың. Жыл сайын 25-30 мыңға жуық адам осы сырқат түрімен есепке алынады. Жайшылықта мән бере бермейтін аурудың жыл санап көбеюі дәрігерлерді алаңдатып отыр. Гүлнар МАҚСҰТОВА, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Халықаралық қауымдастықта қант диабеті сырқаты ерекше аталады. Оны пандемия деп те атауға болады. Әлемде жыл санап бұл дертке шалдыққандар саны артуда. Сондай-ақ Қазақстан да шет қалған емес. Мамандар әсіресе, сырқаттың балалар арасында кең тарауына алаңдайды. Оған артық салмақтың жиналуы, физикалық белсенділіктің болмауы, тәттілерді көп, пайдалы тағамдарды аз тұтыну себеп дейді. Сонымен қатар вирустардың әсерінен және стресстік жағдайлардан дамитын ұйқы безі жасушасының аутоиммунды зақымдануы инсулин тапшылығына әкеледі. Эндокринолог Жәмила Гумарова күніне 30 дан аса науқас қабылдайды. Қаралуға келетіндердің көбі 40 тан асқан азаматтар дейді. Жәмила ГУМАРОВА, ЭНДОКРИНОЛОГ: Әрбір адамның өзінен зависить если ол кісі біздің врачтардың айтқаның уақытында қабылдап берген дәрілерін уақытылы қабылдап тұрса. Уақытында келіп тұрса онда асқыну азаяды. Қант диабеті адамның ауруға шалдыққанынан бірден хабар бермейді. Ағзада инсулин гармонының жетіспеушілігінен туындайтын бұл созылмалы сырқатқа шалдыққандар үнемі дәрігердің бақылауында болады. Руслан ЗАКИЕВ, «ДИАБЕТИЧЕСКИЙ РОДИТЕЛЬСКИЙ КОМИТЕТ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Науқастарымыз 30-дан астам дәрі-дәрмек түрімен тегін қамтамасыз етіледі. Өйткені қант диабеті әлеуметтік маңызы бар аурулардың қатарына кіреді. Бірақ біздің елімізде қант диабетіне шалдыққан балалар үшін глюкозаны үздіксіз бақылау жүйесі қарастырылмаған. Аталған жүйе ағзадағы гликемия деңгейінің тәулік ішіндегі өзгерістерін көрсетуге көмектеседі. Салада біршама проблема бар. Науқас баласы бар ата-аналар бұл туралы жиі көтеріп жүр. Дәл қазір олар қажетті құрылғыны ай сайын 50.000 теңгеге сатып алуға мәжбүр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді