1 қазанда Қазақстанда әр жыл сайын 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының жария еткен Халықаралық қарттар күні аталып өтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында 1990 жылы 14 желтоқсанда Халықаралық қарттар күні туралы қарар қабылданып, ол әр жыл сайын 1 қазанда атап өтілетін болды. Қазақстан да атаулы датаны ресми мейрамдар мереке тізіміне енгізіп, әр жыл сайын оны атап өтеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сәйкес, әлемнің әр түкпіріндегі қоғамдар ұзақ өмір сүрудің эволюциясынан өтіп жатыр. Кейбіреуі оның алғашқы сатысында болса, екіншісі әлдеқайда асып кеткен. Қазіргі уақытта әлем халқының қартаю қарқыны артып, қарт адамдар кез келген мемлекеттің даму процесіне үлес қоса алатын қоғам мүшесі ретінде мойындалып келеді.