«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.11 наурызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Алматы, Ақтау, Ақтобе және Атырау қалаларында күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.