Синоптиктер жұма, 7 сәуірде ел аумағында және Қазақстанның ірі қалалары - Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады.Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігі циклонның ықпалында болғандықтан, бүгін еліміздің кей өңілерінде күн жауын-шашынды болады.Мәселен, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.Солтүстік өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласады.Бүгін тек Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі.Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстік өңірлерде көктайғақ, оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста – найзағай, оңтүстік және оңтүстік-шығыста – бұршақ күтіледі.Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Түркістан облысының таулы аудандарында, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.Түнде Жетісу облысының солтүстігінде 1 градус үсік сақталады.Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматы қаласында да өткінші жаңбыр жауады. Дегенмен, күндіз +18...+20 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, алайда мамандар екпіні 15-20 м/с-қа дейін жететін қатты жел тұруы ықтимал екенін ескертіп отыр.