Бүгін - Аналар күні

Аналар күні — әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке. Осыған орай Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздегі жаңа мерекеге шолу жасады. Мереке мамыр айының екінші жексенбісінде әлемнің 20-дан астам елінде тойланады.Олардың қатарында АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Аустралия бар.Ал бұлардан бөлек елдер бұл мерекені басқа күні атап өтеді. 2024 жылы бұл мереке Қазақстанда 12 мамырда алғаш рет тойланып отыр. Ананы қорғау — мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі.«Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз „Жер-ана“, „Отан-ана“ ұғымдарымен тығыз байланысты. „Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді“ дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар», — деген еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.Біздің отбасылық өмірімізде де, қоғамдық өмірімізде де ананың рөлі ерекше, ол балаларын тәрбиелеп, бағыт-бағдар береді.Ананың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады.Елді мекендерде балалар мен жастарды тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мәселесін шешу үшін, Қазақстандағы әйелдерін біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Аналар кеңесі» жұмыс істейді.Қазіргі уақытта Республикалық аналар кеңесінде елдің облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық деңгейлерінде 1713 бөлімше бар (оның ішінде 17 облыстық, 56 қалалық, 159 аудандық, 1481 ауылдық және этномәдени бірлестіктер жанында), олардың құрамына 16051 әйел кіреді.6 мамыр мен 12 мамыр аралығында барлық өңірде 600-ден астам түрлі іс-шара өтті.Жалпы, Аналар күнін мерекелеу ананың қоғамдағы рөлін арттыруға, әр азаматтың ата-анасына құрмет көрсетіп, алғыс айта білуге тәрбиелеу, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, отбасы институтын сақтауға және нығайтуға бағытталады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Барыс» жанкүйерлері басшылардың кетуін талап етуде
Футбол клубтарын қаржыландыру 2,2 млрд теңгеге қысқарды
Ақтауда 52 жолаушысы бар Az Airlines жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Бокс: Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман қайта кездесуі мүмкін
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қызылордада оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған: әйел сотталды
26 желтоқсан Әзірбайжанда қаралы күн деп жарияланды
Мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды: Алматыда ғылыми-практикалық конференция өтті
"Астана" баскетболшыларының сәтсіз сериясы 22 ойынға созылды (ВИДЕО)
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Дайын тағам өнімдерін жеткізуге қойылатын талаптар қандай?
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің кім екені белгілі болды
Жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығады
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды