Бүгін арнайы комиссия Қазақстан шахтасындағы апатқа қатысты тергеудің қорытындысын жариялады

Қазақстан шахтасындағы апатқа 100 % жұмыс беруші кінәлі. “АрселорМитталТеміртау” Акционерлік Қоғамының басшылары кен орнына арнайы сертификаты жоқ, отқа төзімсіз конвейер жолағын орнатқандықтан ол үйкеліске төзбей жанған. Бұл туралы бүгін Қарағандыда өткен арнайы брифингте төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді. Сырым ШӘРІПХАНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: “Біріншіден көмір конвейеріндегі өрт механикалық энергияның жылу энергиясы ауысуы салдарынан жолақ төсемнің конвейерінің кептелген және бекітілген ролигіне үйкелуіне байланысты өрт пайда болды. Комиссия жұмысының нәтижелкрі бойынша жұмыс берушінің 100% кінәсі анықталды”. Ресми мәліметке сүйенсек, конвейер жолағы Үндістаннан сатылып алынған, отқа орташа төзімді. Қазақстанда ГОСТ талаптарына сәйкес келмейді. Шахтаға қиын жанатын жолақ төселуі тиіс болатын. Комиссия мүшелері қауіпсіздік талаптары сақталса апат болмауы мүмкін еді ,- дейді. Енді 5 адамның өліміне әкеліп соққан заң бұзушылықтар үшін 28 адам жауапқа тартылуы мүмкін. Олардың арасында компанияның бас директорының коммерциялық сұрақтар бойынша орынбасары, материалдық- техникалық қамтамасыз ету басшысы мен Көмір департаментінің техникалық директоры бар. Сонымен қатар орта және жоғарғы инженерлік- техникалық құрамның жұмыскерлері де сұралмақ. Жауаптылардың 26-ы- қазақстандық, екеуі Үндістан азаматы. Айта кетейік, 17-інші тамыз күні Қащақстан шахтасында 700 метр тереңдікте өрт шығып салдарынан 5 кенші қайтыс болған еді. Тағы 16 адам жарақаттанған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көк тиыны жоқ аға баю, үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады – Қанат Әлжаппаров (Видео)
Алматылық педагогикалық әдіскер мамандар халықаралық тәжірибеден өтті
Атырау облысында кәмелеттік жасқа толмаған 794 қыз жүкті болып қалды
Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды
Шайх-Хасан Жазықбаев, генерал-майор: Армияда жастарға үлгі болар азаматтар көп
Қорғасын зауыты қалдығынан құтылады
Универсиада: Үшінші жарыс күні ел құрамасы үшін сәтті аяқталды
Алматылық педагогикалық әдіскер мамандар халықаралық тәжірибеден өтті
Тасқын турасында тағы да шу
Ақтөбедегі үш адамды кепілге алған қанды оқиға: тірі қалған әйел жансақтау бөлімінде жатыр
Қазақстанда валюталық операцияларды бақылаудың жаңа ережелері енгізіледі
Фандомат – пайдалы құрылғы
«Жас еңбекшілер» жобасы басталды
Семей әуежайы амбулаториялық лифт берілді
«Қазақстандағы №1 емші»: Шымкент тұрғыны халыққа онлайн дем салып, емдеп жүр (ВИДЕО)
Жемқорлықты жүгендеудің жаңа құралы
Ұлытауда жоғалған малшы табылды
Қазақстандық кілемдер әлемдік нарыққа шықты
Орнықты дамудағы ортақ мүдде
Белгілі актер Жахан Отарғалиев үшінші рет отау құрмақ
19 киік жануарын тасымалдаған қызылордалықтар құрықталды
Петропавлдағы ЖЭО-де апат болды
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапхана орнатылды
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді