Астанада Тәуелсіздік күніне орай қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнир өтеді. Балпуандар Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында белдеседі. Ойын барысын тамашалауға тегін кіруге болады. «Турнирде жыл бойы рейтингтік жарыстарда 8 салмақта жоғары ұпай жинаған 64 балуан сынға түседі. Олардың қатарында Бекжан Төлепов, Марат Нигматуллаев, Бекет Жүніс, Ержан Еренқайыпов және Жұмажан Қожамбеков сынды Әлем және Азия чемпионаттарының, Әлем кубогінің, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлері бар», — делінген хабарламада.