Бүгін аудандар мен қалалардың 45 әкімі сайланады

Бүгін елімізде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімін сайлау өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттың шешімімен белгіленген аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізетін күнге дейін кемінде 50 күн бұрын тағайындады. Сайлау күні туралы хабарлама жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. 17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 42 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қаланың тізбесін бекітті. Сайлау 5 қарашаға белгіленді. Кандидаттарды тіркеу сайлау комиссиясы бүкіл қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталды және сайлау күніне 25 күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталды. Ал кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау күніне 25 күн қалғанда және сайлау күніне дейінгі күннің жергілікті уақыты бойынша сағат 00.00-де тоқтатылды. Сайлау алдындағы үгітті өткізу Сайлау туралы конституциялық заңмен реттелген. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көп дауысын жинаған кандидат сайланған әкім болып саналады. Аумақтық сайлау комиссиялары аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдігіне 164 кандидатты тіркеді. Олардың 69-ын саяси партиялар, ал 95-і өзін-өзі ұсынды. Тіркелген үміткерлердің орташа жасы — 46,4 жас. Ең жасамыс үміткер Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында — 61 жаста, ең жасы Түркістан облысының Мақтаарал ауданында — 29 жаста. Үміткерлердің көпшілігі — ер адамдар. Сонымен бірге 10 әйел тіркелген. Тіркелген кандидаттардың 20,73 пайызы — экономист, 19,51 пайызы — заңгер, 16,46 пайызы — оқытушы, 12,2 пайызы — инженер, 11,59 пайызы — ауыл шаруашылығы маманы және 19,51 пайызы — басқа мамандық өкілдері. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімінің сайлауындағы орташа бәсеке 3-тен асады. Ең жоғары бәсеке Жетісу облысының Кербұлақ ауданында — бір орынға 6 кандидат. Ең төмені Ақмола облысының Шортанды ауданында — бір орынға 2 кандидат.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр