Бүгін докторантураға түсу емтихандары басталды

Бүгін Қазақстанда докторантураға түсуге емтихан тапсыру басталды.Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, емтиханды тапсыруға өтініш қабылдау 25 қазан – 10 қараша аралығында Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі. Докторантураға түсу емтихандарына 1060 адам қатысады. Сынақтар бүгін басталып, 2 желтоқсанға дейін жалғасады. «Түсу емтиханына эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балды құрайды. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды», – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев. Атап өтсек, 2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін меңгергендігі туралы сертификаттан бөлек, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификатты ұсыну қажет. Түсу емтиханының нәтижелері оны өткізгеннен кейін келесі күні жарияланады. Оны жеке кабинетте көруге болады. Болашақ докторанттар үшін 700-ден астам грант бөлінген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты