4 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады.Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігіне циклон және атмосфералық фронттар ықпал етеді. Соның әсерінен жаңбыр, қар жауып, елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміз бойынша, тұман түсіп, жел күшейеді.