«Қазгидромет» РМК-сы 18 наурыздағы күн райы болжамын жариялады.Синоптиктердің хабарлауынша, атлантикалық циклон жырасының әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. ҚР бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.