Синоптиктер 21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.«Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады. Еліміздің орталығында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі. Республика бойынша екпінді жел болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында. Күндіз Атырау, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 35-39°С қатты ыстық болы мүмкін. Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтобе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысында, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.