Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алғашқы туры өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл күні E, F, G, H топтарында командалар өзара кездеседі. Олардың қатарында «Пари Сен-Жермен», «Манчестер Сити», «Барселона» (Испания) клубтары бар. Бүгінгі ойын кестесі мынадай: E тобы: «Фейеноорд» (Нидерланд) - «Селтик» (Шотландия); «Лацио» (Италия) - «Атлетико Мадрид» (Испания) F тобы: «Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Милан» (Италия) - «Ньюкасл» (Англия); G тобы: «Манчестер Сити» (Англия) - «Црвена Звезда» (Сербия), «Янг Бойз» (Швейцария) - «РБ Лейпциг» (Германия) H тобы: «Барселона» (Испания) - «Антверпен» (Бельгия), «Шахтер Донецк» (Украина) - «Порту» (Португалия). Аталған ойындар арасынан елорда уақытымен 22:35-де «Милан» мен «Ньюкасл», 00:50-де «Лацио» мен «Атлетико» ойындары «Qazsport», «Пари Сен-Жермен» мен «Боруссия Дортмунд» кездесуі «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.