Бүгін жаңа ипотекалық бағдарламаға өтінім беру басталды

Бүгіннен бастап «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.«Отбасы банк» ресми парақшасы Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында (otbasybank.kz) «Наурыз» бағдарламасына қатысуға қалай өтінім беру керектігі жөнінде нұсқаулығын жария етті. Өтінімдерді қабылдау 25 сәуірден 30 маусымға дейін жалғасады. «Наурыз» бағдарламасының шарттары: бастапқы жарна 20%; тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме-7% (ЖЭС 7,3%-дан 8,9%-ға дейін); азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме-9% (ЖТПМ 9,3%-дан 11,8%-ға дейін); несие мерзімі 19 жылға дейін. Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Моноқалалар мен ауылдарда жылына бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінің 30%-нан аспайтын қайталама тұрғын үй сатып алуға болады. Бағдарлама 8 жылға бағытталған. Жыл сайын «Наурыз» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінеді. Жалпы осы уақыт ішінде Қазақстанның 68 000 азаматын өз тұрғын үйімен қамтамасыз ету жоспарлануда. Биылғы жылы қоныс тойын 12 мың қазақстандық тойлай алады. Бұдан бөлек өтінім беру уақыты мен күні маңызды емес екенін айта кеткен жөн. Банк салымшылары екі ай бойы «Наурыз» бағдарламасына қатысуға өтінім беруіне болады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастама бастау алды
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
Семейде зейнеткерді көлік қағып кетті
Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға 5 млн теңге табысталды
Астанада полицейлер күшейтілген режимге ауысты
Төрт Қазақстан спортшысы шаңғымен трамплиннен секіруден Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді
Бюджет қаражатын ысырап еткендерге сот үкімі шықты