10 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.Синоптиктердің болжамынша, тек Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларында ауа сапасы біршама нашарлап, қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.