19 наурыз күні Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтеді, деп хабарлайды 19 наурыз күні Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Учаскелік сайлау комиссиялары жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де дауыс санауды, дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасауды бастайды. Уақыт белдеуіне байланысты кейбір шет мемлекеттерде дауыс беру бізден ерте басталады. Қазақстандықтар өмір сүретін Еуропа, Ұлыбритания, Ресей, АҚШ, Қытай, Корея, Үндістан сынды бірқатар мемлекетте 77 дауыс беру учаскесі ашылған. Бұл жолы дауыс санау процедурасы ұзаққа созылады. Себебі бюллетеньдер саны әдеттегіден көп. Бірақ, заң бойынша дауыстарды санау 12 сағаттан аспауы тиіс. Дауыстарды санау барлық сайлау учаскелерінде таңғы 8:00-де аяқталады. Республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы және Шымкент) дауыс беру төрт бюллетень бойынша саналады. Оның екеуі Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау және екеуі – мәслихаттар бойынша. Ал 17 облыста дауыс беру бес сайлау бюллетені бойынша өтпек. Оның екеуі Мәжіліс бойынша, екеуі – облыстық мәслихаттар бойынша және біреуі – аудандық немесе қалалық мәслихат бюллетеньдері. ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша – 29 депутат сайланады. Еске сала кетсек, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды. Бұл күні 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды. Алдын ала тұрғылықты жері бойынша 11 970 406 сайлаушы анықталды. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелген. 2023 жылғы 4 наурыздан бастап учаскедегі сайлаушылар тізіміндегі деректері тексеру мүмкіндігі берілді. Мәжіліс сайлауын байқауға 41 шет мемлекет пен 12 халықаралық ұйымнан 793 байқаушы ресми тіркелді. Сайлау күні 45 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Оның ішінде белгілі бір бөлігі тікелей сайлау учаскелерінде және бір бөлігі көшеде тәртіпті қадағалайды. Одан бөлек, сайлау учаскелеріне жақын аумақтарда күзет болады. Сайлау күні мүгедектігі бар жандарға да тиісті жағдай жасалады. Барлық өңірдегі сайлау учаскелерінде Брайль шрифті бар трафареттер, сондай-ақ кандидаттар тізбесі бар бюллетеньдердің аудио нұсқалары қолжетімді болады. Сондай-ақ сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова дауыс берушілерге маска тағуды ұсынды. Бүгін әлем бойынша алғашқылардың бірі болып Астана уақытымен сағат таңғы 4-те Сеул мен Токиода сайлау учаскелері ашылды. Оңтүстік Кореядағы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур бірінші болып дауыс берді. .Бүгін учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Учаскелік сайлау комиссиялары жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де дауыс санауды, дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасауды бастайды. Уақыт белдеуіне байланысты кейбір шет мемлекеттерде дауыс беру бізден ерте басталады. Қазақстандықтар өмір сүретін Еуропа, Ұлыбритания, Ресей, АҚШ, Қытай, Корея, Үндістан сынды бірқатар мемлекетте 77 дауыс беру учаскесі ашылған. Бұл жолы дауыс санау процедурасы ұзаққа созылады. Себебі бюллетеньдер саны әдеттегіден көп. Бірақ, заң бойынша дауыстарды санау 12 сағаттан аспауы тиіс. Дауыстарды санау барлық сайлау учаскелерінде таңғы 8:00-де аяқталады. Республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы және Шымкент) дауыс беру төрт бюллетень бойынша саналады. Оның екеуі Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау және екеуі – мәслихаттар бойынша. Ал 17 облыста дауыс беру бес сайлау бюллетені бойынша өтпек. Оның екеуі Мәжіліс бойынша, екеуі – облыстық мәслихаттар бойынша және біреуі – аудандық немесе қалалық мәслихат бюллетеньдері. ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша – 29 депутат сайланады. Еске сала кетсек, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды. Бұл күні 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды. Алдын ала тұрғылықты жері бойынша 11 970 406 сайлаушы анықталды. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелген. 2023 жылғы 4 наурыздан бастап учаскедегі сайлаушылар тізіміндегі деректері тексеру мүмкіндігі берілді. Мәжіліс сайлауын байқауға 41 шет мемлекет пен 12 халықаралық ұйымнан 793 байқаушы ресми тіркелді. Сайлау күні 45 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Оның ішінде белгілі бір бөлігі тікелей сайлау учаскелерінде және бір бөлігі көшеде тәртіпті қадағалайды. Одан бөлек, сайлау учаскелеріне жақын аумақтарда күзет болады. Сайлау күні мүгедектігі бар жандарға да тиісті жағдай жасалады. Барлық өңірдегі сайлау учаскелерінде Брайль шрифті бар трафареттер, сондай-ақ кандидаттар тізбесі бар бюллетеньдердің аудио нұсқалары қолжетімді болады. Сондай-ақ сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова дауыс берушілерге маска тағуды ұсынды. Бүгін әлем бойынша алғашқылардың бірі болып Астана уақытымен сағат таңғы 4-те Сеул мен Токиода сайлау учаскелері ашылды. Оңтүстік Кореядағы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур бірінші болып дауыс берді.