Бүгін таңғы уақытта Алматыда бірнеше жер сілкінісі болды.Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.Бірінші дүмпу таңғы сағат 05:50 кезінде болды.Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қытай аумағында болған.Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.1. MPV магнитудасы — 5.0.Тереңдігі — 5 шақырым. Алматыда сезілген жоқ.Екіншісі таңғы 07:35 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді.Энергетикалық санаты — 11.3. MPV магнитудасы — 4.9.Тереңдігі — 5 шақырым.