"Бүгінде айбынды армиямыз – елдегі тыныштықтың мықты қалқаны", - Президент

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты.Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және алда келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, осы екі мейрам жауынгерлік дәстүрдің сабақтастығын паш ететінін, батыр бабаларымыздың даңқты жолын қазір өскелең ұрпақ жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде айбынды армиямыз – елдегі тұтастық пен тыныштықтың мықты қалқаны. Қуатты әскеріміз бейбітшілік пен берекелі өмірді қас қақпай күзетіп тұр. Олар қай кезде де қастерлі Отанымызды қорғауға дайын. Ерлік майданда ғана жасалмайды. Ерлікке бейбіт заманда да орын бар. Биыл біз соңғы 80 жылдағы ең жойқын тасқынға тап болдық. Елге қатер төнген сәтте сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды. Ұлттық ұлан, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы антқа адал болудың үлгісін көрсетті. Алапат тасқынға төтеп беру үшін 9 мыңнан астам әскери қызметші жұмыла еңбек етті. Мыңнан астам техника жеткізілді. Сын сағатта халқымыздың асыл құндылықтары анық байқалады. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысында апатқа қарсы күрескен 300 сарбаздың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Олар күні-түні бөген салып, қаланы қарғын судан құтқаруға атсалысты. Жергілікті тұрғындар бұл сарбаздарға айрықша риза болды, оларды зор құрметпен шығарып салды. Міне, халық пен армияның мызғымас тұтастығы дегеніміз – осы. Мұндай мысалдар аз емес, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне әрқашан құрмет көрсетілетінін айтты. Осы ретте ардагерлерге мерекеге орай жыл сайын қосымша төлемақы берілетінін, ал биыл оның көлемі үш миллион теңгеге дейін өскенін жеткізді. Сонымен қатар өзінің бастамасымен биылдан бастап «Айбын» орденінің үш дәрежесі даңқты батырларымыз – Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың атымен аталатынын еске салып, ұлт перзенттерінің батылдығы мен батырлығы бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін үлгі-өнеге болатынына назар аударды. Мемлекет басшысының айтуынша, геоосаяси тұрақсыздық белең алған қазіргі жағдайда мықты әрі дайындығы сақадай сай әскердің маңызы айтарлықтай арта түсті. Біздің әскери қызметшілеріміз БҰҰ аясындағы түрлі бітімгерлік операцияларға қатысып, өздерінің кәсібилігі мен жоғары деңгейдегі жауынгерлік машығын көрсетіп келеді. Жуырда Қазақстан Голан жоталарындағы миссиясын дербес орындау жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының мандатына алғаш рет ие болды. Соңғы жылдары әлем елдерінің әскери қуаты туралы рейтингтегі орнымыз едәуір жақсарды. Бұл әскеріміздің дайындығы жоғары екенін әрі үйлесімді әрекет ететінін білдіреді. Қазақстан жер-жаһанға өзін бейбіт ел ретінде танытты. Біз барлық мемлекетпен достық қатынас орнаттық. Кез келген шиеленісті сындарлы диалог арқылы шешу керек деп есептейміз. Бірақ арқаны кеңге салып, қамсыз отыруға болмайды. Қуатты әскеріміз түрлі қатерге сақадай сай тұруға тиіс. Мықты әскер – елдіктің тірегі, – деді Президент.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Кімдер тісін тегін емдете алады?
Алматы қаласы маңында тағы жер сілкінді
Қызылқоғада су шайған жолдар мен көпірлер қалпына келтірілуде
Көжектер ұйықтап жатыр: ТЖМ абай болуға шақырды
Су басу қаупіне байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Су тасқыны кезінде көшірілген 60 мыңнан астам тұрғын үйлеріне оралды
Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында бірнеше автожол уақытша жабылды
Құлсары тұрғындары су басқан мүліктің залалын бағалау нәтижелерімен танысты
Сарыағашта жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршіннің денесі табылды
Украин боксшысы аса ауыр салмақта ХХІ ғасырдың алғашқы абсолютті чемпионы атанды
19 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Алматыдан 257 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Су басу қаупіне байланысты екі өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Жайық өзеніндегі су деңгейі қандай?
Алматы қаласы маңында тағы жер сілкінді
Түркістан облысында үш күн бойы іздестірілген үш жасар қыздың денесі табылды
"Көжектер ұйықтап жатыр". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Ақтауда қоғамдық орында дәрет сындырған ер адам жауапкершілікке тартылды
"10 жыл үйде отырмады". Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Абдукаримованың ұзақ уақыт ел алдына шықпау себебін түсіндірді
Алматыға 257 км шақырым жақын аумақта жер сілкінісі тіркелді
Атырау облысында бірнеше автожол уақытша жабылды
Бүгін ауа райы қандай болады?
Қызылордада жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ сотталды
Алматыға 257 км шақырым аумақта жер сілкінісі тіркелді