"Respublica" партиясы Қостанай өңірінде үгіт-насихат науқанын жалғастырып жатыр. Бүгін партия өкілдері қаладағы орталық штабта атқырылған жұмыстардың қортындысын шығарып, алдағы жоспарларын нақтылады.Партия өкілдерінің кезекті аялдамасы еліміздегі ірі кондитерлік фабрикалардың бірі болды. Мұнда өздерінің тұғырнамасының негізгі тұстарын түсіндіріп, сайлаудың маңызы жайында сөз қозғады. Ал фабрика қызметкерлері конфет өндірісінде жаңа техникалар мен заманауи әдістердің күннен күнге дамып жатқанын алға тартады. Шетелдік зауыт фабрикалардан алатын тәжірибенің маңызы зор екенін айтты. Сондай-ақ, кездесу барысында партия өкілдері гендерлік теңдік мәселесін көтерді. Айтуларынша, бүгінгі заманда әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру маңызды. Данияр КҮЗЕНБАЕВ, "RESPUBLICA" ПАРТИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Күнделікті халықпен кездесу жиындары өтіп жатыр. Біз бұл басқосуларда жергілікті аймақтың жағдайымен жақынырақ танысамыз. Көпшілігі білім, денсаулық саласында кездескен мәселелер үшін шағымданады.