"Құрмет" орденінің иегері, ақын Серікзат Дүйсенғазы Желідегі парақшасында өмірден өткен ұлына арнап жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Ол жазбасында өмірден өткен ұлын да тілге тиек еткен."Қатар кешіп өткендей от пен қарды,Өмір маған үйретті жоқ пен барды,Келер жылдан үмітім көп болғанмен,Өткен жылда өкініш, өкпем қалды.Күндер қалды көзімнен төккен зарды,Түндер қалды құсалы еткен жанды.Өшпей қойды санамнан сағым уақыт,Сағынышқа айналып кеткен мәңгі.Күйзелгенде нұр күтіп жарық таңнан,Аңсайды екен өткенді зарыққан жан.Менің қимас қос бірдей асылымды,Жүрегімнен суырып алып қалған.Жанарымнан өлшеусіз мұң көшіріп,Қос асылым кетті анау түнге сіңіп.Қоян жылдың қойнында шерім қалды,Бірде ысыған көңілім, бірде суып.Құлағам жоқ, қайғыдан теңселгенмен,Жылағам жоқ, егілдім кемсеңдеумен.Аспанымда бір жұлдыз шырақ жақты,Көтерілмей жүргенде еңсем жерден.Құдай өзі көгертіп сепкен дәнді,Тамырымда қозғады кепкен қанды.Қақ айрылған жүректі қайта жамап,Тағдыр шығар тұрғызған шөккен нарды.Өтті осылай болған жыл күнім түнек,Бүкіл қазақ мен үшін бір ұл тілеп.Енді отырмын ұлт болып сұрап алған,Ұлу жылы ұлыма ғұмыр тілеп!1 қаңтар, 2024 жыл", - делінген жазбада.