Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының президенті сайланды

Данияр Қобыландин Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының президенті болып сайланды, - деп хабарлайды Massaget.kz.Дүниежүзілік көкпар қауымдастығына Данияр Қобыландин басшы болды. Мұндай шешімді бірлестік мүшелері кезекті конференцияда ашық дауыс беру арқылы қабылдады.Данияр Жаңабайұлы 1984 жылы дүниеге келген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі, Президент әкімшілігі мен Көлік министрлігінде жауапты қызметтер атқарған. 2013 жылдан бері еліміздегі беделді кәсіпкерлердің бірі болып саналады.Дене шынықтыру және спорт саласында мол тәжірибесі бар. 2018-2022 жылдар аралығында "Аударыспақ" федерациясының президенті болып, нәтижелі еңбек етті."Үлкен сенім үшін баршаңызға алғыс білдіргім келеді. Мен қауымдастықтың қызметін жоғары деңгейге көтеру үшін барлық күшімді салып, мүмкіндіктерді пайдаланамын. 2024 жылы Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Яғни, мойнымызда үлкен жауапкершілік тұр. Сондай-ақ, алдымызда ұлттық және дәстүрлі ат спорты ойындарын одан әрі дамыту бойынша үлкен міндеттер бар. Иә, түрлі елде ойынның атауы әртүрлі, бірақ ойын ережесі бірдей" - деді Қобыландин.Сондай-ақ, форумда Венгрияның көкпар қауымдастығын (кобори) және Пәкістанның бузкаши федерациясын Дүниежүзілік көкпар қауымдастығының құрамына қосу туралы шешім қабылданды.Айта кетейік, аталған жиынның екінші кезеңін 28 қазанда Алматыда өткізу жоспарланып отыр. Онда ұлттық және дәстүрлі ат спорты ойындарын одан әрі дамыту жөніндегі шұғыл міндеттер және Дүниежүзілік көкпар қауымдастығының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады