"Бұл менің еңбегімнің бағаланғаны шығар",-"Еңбек жолы" байқауының жеңімпазы

Елордада "Еңбек жолы" байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Байқауға 80-ге жуық өтінім түскен. Олардың ішінде адам жанына араша түсетін ақ халатты абзал жандар мен құрыш қол құрылысшылар, ұстаздар мен қоғамда маңызы зор өзге де мамандық иелері бар. Сан саланың майталмандары қатысқан сайыста кімнің бағы жанды? Сүндет Оралбеков толығырақ айтады. "Еңбек жолы" байқауы 2016 жылдан бері өтеді. Осы уақыт ішінде талай маманның ұзақ жылдар бойы төккен тері мен еткен еңбегі еленді. Конкурс жеңімпаздары "Үздік еңбек әулеті", "Жас маманның тәлімгері", "Өндірістің үздік жас маманы" номинациялары бойынша марапатталды. Білгенін балаларға үйретуден жалықпаған Гүлзия Иманбаева "Жас маманның тәлімгері" аталымында үздік деп танылды. Гүлзия ИМАНБАЕВА, ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Өзімнің 25 жыл стажымдағы жас мамандармен жасаған жұмысымды, жетістіктерімді жолдай отырып өтінім тапсырдым. Енді, тамаша, әрине. Мұндай үлкен сайыстардың куәгері, иегері болғанның өзіне сөз жоқ. Қуанышымда шек жоқ. Енді бұл дегеніңіз менің еңбегімнің бағаланғаны шығар. Доданың басты мақсаты -жастарды еңбекке ынталандыру және қоғамға еңбегі сіңген жұмысшыларды танымал ету, дейді ұйымдастырушылар. Ерлан ИСМАҒҰЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл байқау жылда өткізіледі. Жеңімпаздарды комиссия мүшелері белгілі бір ерекшеліктеріне қарап таңдайды. Мысалы, "Үздік еңбек әулеті" номинациясын "ҚТЖ" АҚ-ның жұмыскері жеңіп алды. Ол әулеттің жалпы жұмыс өтілі 800 жылға жуық. 26 адам темір жол саласында еңбек еткен. Жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді. Жүзден жүйрік шыққандар енді Республикалық кезеңде бақ сынайды. Ақмади САРБАСОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Еңбек күні қарсаңында еліміздің барлық қаласында түрлі іс-шаралар, мерекелік концерттер өткізілуде. Оның ішінде "Еңбек жолы" республикалық байқауын атап айтқан жөн. Өңірлік сайыста үздік деп танылғандар енді республикалық додаға жолдама алды. 24 қыркүйек күні жеңімпаздарды марапаттайтын боламыз. Байқау барлық өңірде өткізілді. Республикалық кезеңге 50-ден астам өтініш түскен. Оның тоғызы ғана жеңімпаз атанады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Қаржаубай неге қамалды?
«Қара тауымыз құлады»: Берік Уәли өмірден өткен әкесіне жүрекжарды жазба арнады
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алимент төлемеген 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
«Үшеуі де ұл бала»: Павлодарда үшем дүниеге келді
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Қытайда 1500 м биіктікте "Аспандағы баспалдақ" аттракционы ашылды
Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды
Сенаторлар «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Доллар тағы қымбаттады
Жерасты жылыту газгольдері жанып, 850-ден астам адам эвакуацияланды
Кирилл Староверкин В тобында 9-сатыға тұрақтады