«Бұл істе заңсыздықтар көп», - қорғаушы

«Эрмек Марқабаевтың ісінде заңсыздықтар өте көп». Алматы облысындағы атышулы «Алтын Орда» базарының бұрынғы атқарушы директоры Эрмек Марқабаевтың қорғаушысы осылай дейді. Айыпталушының адвокаты Динара Жұбатова оны 6 айдан бері қамауда заңсыз ұстап отырғанын айтады. «Сотқа дейінгі тергеу амалдарында көптеген заңбұзушылықтарға жол берілді»,- дейді. Жазда полицияның кезекші бөліміне Марқабаев есірткі мен қару-жарақты заңсыз алып жүр деген анонимді хабарлама келіп түскен. Бірақ шикілікке толы болып шықты. Іске қатысы болмаса да, Марқабаевтың телефоны, қымбат көлігі, оның ішіндегі 5 млн-ға жуық қаражаты мен жеке заттары заңсыз тәркіленген көрінеді. Заттары арнайы тіркелмеген, ал көлігі бірден айыппұл тұрағына қойылмай, бір ай уақыт бойы полиция басқармасының аумағында тұрыпты. Сондай-ақ айыпталушы ұсталған бетте қорғаушы талап еткеніне қарамастан, полиция қызметкерлері қарсылық танытып, құқықтық көмек көрсетпеген.Динара ЖҰБАТОВА, Э. МАРҚАБАЕВТЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ: Тергеуші немесе полиция қызметкері сағат 13.20-да сараптама нәтижесін алып, Қаскелеңде уже 1,48- де ЕРДР болған. Есірткі заты бойынша фактісі тіркелген. Бұл жерде бір сұрақ – қалай 28 минут ішінде полиция қызметкері Институт судебных экспертиздан Қаскелеңге дейін жетіп, сол экспертизаның нәтижесін тапсырған. Қорғаушының жіпке тізген өтініштеріне Қарасай аудандық прокуратурасының прокуроры жауап берген жоқ. Келесі сот отырысына дейін уақыт талап етті. Эрмек Марқабаевқа қолдау көрсетуге келген бір топ жақындары мен әріптестері оны тез арада босатуын талап етіп отыр. Урмат МАРҚАБАЕВ, Э. МАРҚАБАЕВТЫҢ ІНІСІ: Бұл әдейі ұйымдастырылған іс екені айдан анық көрініп тұр. Оның қалтасына есірткіні қасақана салынғаны да белгілі. Барлық дәлелдерді қорғаушы келтірді. Оның кінәсіз екеніне бәріміз сенеміз. Эрмек Марқабаев сияқты үлгілі азаматтың мұндай қылмысқа баруы мүмкін емес. Толығымен ақталып шыққанын қалаймыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Екі облыста жол жабылды
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы