Енді әлемнен аз-кем ақпарат. Пәкістанның Кабал қаласындағы полиция бөлімшесінде екі жарылыс болды. Ғимарат толық қираған. Жақын маңдағы үйлерге де зақым келген. Алдын ала мәліметке қарағанда, жарылғыш затты жанкешті-лаңкес іске қосқан болуы мүмкін. Бірақ, террористік топтардың ешқайсысы болған оқиға үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Жарылыс салдарынан 13 адам қаза тапты. Марқұм болғандардың арасында сегіз полиция қызметкері бар. Қиранды астында тірі адамдар болуы мүмкін деген болжам бар. Іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шеккендердің саны 50-ден асады.Ахмед ӘЛИ, ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Дабыл қағылғанда мен ас үйде едім. Жоғарыға қарағанымда ғимараттың қирағанын байқадым. Рехмат ӘЛИ, ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ: Көп адамға қан табылмай жатыр. Донорлар белсенді, бірақ олардың көпшілігінде оң резусті қан тобы. Біз теріс резусы адамдарды іздеудеміз. Израильде де теракт болды. Палестина тұрғыны Иерусалимде көшедегі адамдарға оқ жаудырды. Тәртіп сақшылары қылмыскерді сол жерде құрықтады. Құрбан болғандар жоқ, бірақ бес адам жарақат алды. Терактті "ХАМАС" исламдық қарсылық қозғалысының мүшелері бұл "діни соғысқа" жауап деп мәлімдеді. Хазем КАССЕМ, "ХАМАС" ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Бүгінгі Иерусалимдегі операция біздің халқымыздың әл-Ақса мешітіне қарсы агрессияға және Баб әл-Рахмның дұға ету орнына жасалған шабуылдың ашық жауабының бір бөлігі. Оккупация біздің халқымызға және қасиетті жерімізге қарсы осы ашулы соғыстың салдары үшін толық жауап береді.