Бурабайлық құтқарушылар тауға көтерілемін деп аяғын сындырып алған Атырау облысынан келген жасөспірімді құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми парақшасында хабарлады, деп жазды kaz.nur.kz.Ведомство мәліметінше, Атырау облысынан келген 2010 жылғы жасөспірім "Көкшетау" тауына көтерілмекші болған кезде аяғы тайып кетіп, салдарынан аяғын сындырып алған. "Атырау облысынан келген қонақтардың қуанышына орай Бурабай ауылының құтқарушылары дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен жасөспірімді жедел жәрдем көлігіне тапсырды. Таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске саламыз", - делінген ТЖМ хабарламасынада.