Бұралқы иттерді қалай азайтуға болады?

Бұралқы иттерді қалай азайтуға болады?

Ит – адамның досы. Бұл сөз санамызға бала кезден сіңген. Бірақ, қазір жағдай мүлдем басқаша. Елімізде төрт аяқты жануардан жапа шеккендер көбейіп барады. Адамға да, малға да шапқан бұралқы иттер қаланың да, даланың да қазағын әуреге салуда. Жеті қазынаның бірі- төбеттерді қалай тәртіпке келтіруге болады? Өңірдегі әріптестеріме сөз берейік.Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Мамандардың айтуынша, Батыс Қазақстан облысында 18 мыңнан астам ит-мысық бар. Бірақ оның басым көбі бұралқы. Әрі олардың санын азайту мүмкін емес. Өйткені тез көбейеді. Ветеринарлардың айтуынша, көшедегі иттің бәрін тіркеуге алу керек. Оның әрқайсысын чиптеп, тіпті қандай ауру жұқтырғаны, емделгені қағазда қатталуы тиіс. Сонда ғана қажет деректер базасы жасақталады. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болады. Бекжасар СИДИХОВ, ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ОҚУ-ҒЫЛЫМИ ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Стерилизация, кастрация жасалмағандары туып, он иттен, он бес иттен, бес иттен, жеті иттен көбейе бергенінің өзі жеткілікті. Стерилизация жасалғаннан кейін 20% дейін агрессия өзі төмендейді, иттермен шағылысуы төмендейді, өзін-өзі дел-сал санап, кішкене басылады. Бүгінде бұралқы иттердің көбейгені соншалық, адамды да, қорадағы малды да қырғидай қырып барады. Шаруалар қолына таяқ ұстап жүр. Батырбек Жұбанғалиевтің айтуынша, қорасын екі күн торыған иесіз иттер малының тең жартысын жайпаған. 3 миллион теңге шығынға батты. Батырбек ЖҰБАНҒАЛИЕВ, СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Олармен ешкімнің шаруасы жоқ. Былтыр 80 бас қойымды бұралқы иттер талап өлтіргенде Сырым ауданының әкімі Төлеген Серікқалиұлы дым бітіре алмады. Су тасып, өрт шығып төтенше жағдай жариялаған кезде шығын төленеді дейді. Ал біз сияқты малынан айрылғандар кімнен көмек сұраймыз? Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Айтпақшы, саны қазақтан екі есе көп Оңтүстік Кореяның өзі қазір осы ит үшін қырықпышақ боп жатыр. Бұған осы елдің бірінші ханымының ит етін жеуден бас тартайық деуі себеп болыпты. Мұны ит өсіретін шаруалар жақтырмаса, ұсынысты ұнатқандар да бар екен. Мөлдір, алматылықтар бұған қалай қарайды екен? Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Еркін, алматылықтар да қазір ит десе елең ететін болған. Себебі, мұнда да көшелерді кезген қаңғыбас ит көп. Биыл 1476 бұралқы ит ұсталыпты. Бала тұрмақ, ересектер де далаға шығуға қорқады. Тұрғындар қалада ит аулау жұмыстарын мүлдем байқамайтынын айтады. Соңғы уақытта, иесіз жүрген төрт аяқтыны жиі көреміз дейді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Баланы ойнауға жіберуге қорқынышты. Ит қауып ала ма деген ой болады. Шара қолданбаса, ертең бізге, біздің балаларға зияны тиеді. - Балаларға, тіпті, үлкендерге шапты деп естіп жатасың. Кейде таңертең қараңғыда далаға шығуға қорқамыз. Иттердің кетіп қалғанын күтіп тұруға тура келеді. - Достықтың бойынан жүріп бара жатсақ, толған 7-8 ит, тура светофорға дейін барып, көліктерге қарамай, өтіп жатыр. Балаларға өте қауіпті деп ойлаймын. Ал қала тұрғыны Инесса Киселева қаңғып жүрген бұралқы итті асырап алыпты. Ол «төрт аяқтылар үшін адамдар жауап беруі тиіс» дейді. Инесса КИСЕЛЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Иттер далада қалғанына кінәлі емес қой. Ит иелері өздеріне артылған жауапкершілікті сезіну керек. Оны асырай алмасаң, тиісті жерлерге тапсырған дұрыс. Оған қамқор бола алатын адамдардың қолына бер. Мына ит адасып қалған болу керек, далада жүрген жерінен өзіме алып кеттім. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Қазір уақытша ұстау пункттерінде иттерді ұстау ережелеріне ерекше назар аударылған екен. Мәселен, иттерді еркін жатып-тұруға мүмкіндік болатындай кең торда жалғыз ұстау қажет. Тіпті, олардың қандай тамақ жейтіні де арнайы белгіленеді. Әрі қарай әріптесім Дәрібек Бақытбек жалғастырады. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Иә, Мөлдір, Астанада да бұл мәселе-өзекті. Биыл 386 адам бұралқы иттен зардап шеккен. Мамандар қаңғыбас жануарлардан сақтану үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Көшеде бей-берекет жүргендерін аулап, уақытша ұстау изоляторына апарады. Қазір біз рейдте жүрміз. Көреміз, құрыққа қанша ит түсер екен... Абай АБЫЛХАН, ҚАНҒЫБАС ЖӘНЕ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ИТТЕР МЕН МЫСЫҚТАРДЫ АУЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Иттерді аулау жұмыстары ізгілікті жолмен жүреді қазір. Яғни иттерге зақым тигізбеген. Ол иттерді ұйықтатуға болмайды. Жалпы тірідей ауланып жатыр иттеріміз. Ол жерде ілмектер арқылы, валадок арқылы, сащок, удовка және де тор қақпандары арқылы ауланып жатыр. Рейд барысында қақпанға 10 ға жуық ит түсті. Олар енді он шақты күн карантинге қойылады, вакцинация салынып, стерилизация жасалады. Сонан соң иесі табылса қайтарылады және 34,500 теңге айыппұл арқалайды. Егер табылмаса, екі ай мерзімге уақытша ұстау орнында болады. Бұл жұмыстар үшін мемлекеттен 2,5 млрд-тан астам қаржы қаралған. Бақытжан ИСАХАЕВ, ҚР ЭТРМ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ: Заңға толықтырулар енгізу туралы бастама көтеріп жатыр. Бұл өз тарапымыздан бастамашылық жасаған жағдайда біз өзіміз қортындыларымызды беруге дайындыз. Елорда аумағында қараусыз жануарларды уақытша ұстайтын 1 мемлекеттік изолятор және иттер мен мысықтарға арналған панажай бар. Оған қоса, қала аумағында 9 жеке панажай қызмет етеді. Әрқайсысының аумағында орта есеппен 20-100 шақты қараусыз жануар ұсталуда. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Көшеден құрыққа түскен иттер дәл осы торға қамалады. Олар қабаған. Босап кетсе, біреуді талап тастауы мүмкін. Сондықтан бұл маңаймен ешкім жүре қоймайды. Қорқынышты.

Жазушы Мұхтар Мағауин қайтыс болды: Тоқаев отбасына көңіл айтты
Жазушы Мұхтар Мағауин қайтыс болды: Тоқаев отбасына көңіл айтты
  • TengriNews
10 қаңтар – Ұлттық Ұлан құрылған күн
10 қаңтар – Ұлттық Ұлан құрылған күн
  • baq.kz
«Барыс» тоғыз ойын қатарынан жеңілді
«Барыс» тоғыз ойын қатарынан жеңілді
  • turkystan
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
  • aqshamnews
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
  • aqshamnews
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
  • aqshamnews
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
  • aqshamnews
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
  • aqshamnews
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
  • aqshamnews
Тыныштық пен келісімнің мекені
Тыныштық пен келісімнің мекені
  • aqshamnews
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
  • aqshamnews
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
  • aqshamnews
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
  • aqshamnews
Еңбек пен шеберлік  бағаланатын  уақыт
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
  • aqshamnews
 Кәсібилік және еңбекқорлық  біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
  • aqshamnews
Теміржол мамандарын даярлау:  жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
  • aqshamnews
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
  • aqshamnews
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
  • aqshamnews
Саматтың сырлы суреттері
Саматтың сырлы суреттері
  • aqshamnews
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
  • aqshamnews
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды
  • aqshamnews
Тарихи жүлде! Дінмұхаммед Райымқұл Алматыда әлем чемпионы атанды
Тарихи жүлде! Дінмұхаммед Райымқұл Алматыда әлем чемпионы атанды
  • Massaget
Данияр Қасқарауов Алматы облысындағы спорт саласының дамуына оң баға берді
Данияр Қасқарауов Алматы облысындағы спорт саласының дамуына оң баға берді
  • baq.kz
Астанадан бір түнде 3600 астам жүк көлігімен қар шығарылды
Астанадан бір түнде 3600 астам жүк көлігімен қар шығарылды
  • el.kz
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов біраз уақытқа шетелге көшті
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов біраз уақытқа шетелге көшті
  • Vesti
Борис Беккер Елена Рыбакинаны Australian Open – 2025 турнирінің фавориттерінің бірі деп атады
Борис Беккер Елена Рыбакинаны Australian Open – 2025 турнирінің фавориттерінің бірі деп атады
  • bassport.kz
Юлия Путинцева Австралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Юлия Путинцева Австралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
  • el.kz
Шавкат Рахимовтың келесі жекпе-жегі ресми белгіленді
Шавкат Рахимовтың келесі жекпе-жегі ресми белгіленді
  • Vesti
Лос-Анджелестегі орман өртінен кем дегенде 10 адам қаза болды
Лос-Анджелестегі орман өртінен кем дегенде 10 адам қаза болды
  • azattyq-ruhy
Сатпаев қаласында қара қар жауған ба
Сатпаев қаласында қара қар жауған ба
  • qaz365.kz
«Анама тіл тигізді»: жеті баланың әкесі әйелін балғамен ұрып өлтірген (ВИДЕО)
«Анама тіл тигізді»: жеті баланың әкесі әйелін балғамен ұрып өлтірген (ВИДЕО)
  • azattyq-ruhy
Жазушы Мұхтар Мағауин қайтыс болды: Тоқаев отбасына көңіл айтты
Жазушы Мұхтар Мағауин қайтыс болды: Тоқаев отбасына көңіл айтты
  • TengriNews
Тоқаев әлемге белгілі кәсіпкер Ли Кай-Фуды қабылдады
Тоқаев әлемге белгілі кәсіпкер Ли Кай-Фуды қабылдады
  • TengriNews
ҰҚК ІІМ жоғары лауазымды қызметкерін ұстады
ҰҚК ІІМ жоғары лауазымды қызметкерін ұстады
  • TengriNews
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты
  • TengriNews
“Сақ болыңыздар“ - ҚМА қазақстандықтарға үндеу жасады
“Сақ болыңыздар“ - ҚМА қазақстандықтарға үндеу жасады
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
«Сіз де оранып кеттіңіз бе?» Қарақат Әбілдина отбасымен Меккеде жүр
«Сіз де оранып кеттіңіз бе?» Қарақат Әбілдина отбасымен Меккеде жүр
  • sn.kz
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
  • el.kz
Өмірден кім өткенін білесіз бе?
Өмірден кім өткенін білесіз бе?
  • e-history.kz
Қазақстан қоғамы менің кейіпкерімді жек көрді – Мұхтар Мағауин
Қазақстан қоғамы менің кейіпкерімді жек көрді – Мұхтар Мағауин
  • qaz365.kz
Демалыс күндері Қазақстанның шығысына аяз келеді
Демалыс күндері Қазақстанның шығысына аяз келеді
  • azattyq-ruhy
Көліктегі емхана: шалғай ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр
Көліктегі емхана: шалғай ауыл тұрғындарына медициналық көмек қалай көрсетіліп жатыр
  • almaty_tv
Былтыр еліміздегі стационарларда 3,4 млн астам тұрғын емделді
Былтыр еліміздегі стационарларда 3,4 млн астам тұрғын емделді
  • almaty_tv
Президент Мұхтар Мағауиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Мұхтар Мағауиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
  • almaty_tv