«Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі басталды

Елордада Есіл өзенінде дәстүрлі «Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Бүгін Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен және қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен елордада жыл сайынғы қысқы "Бұрқасын 2023" өтіп жатыр. Шараның ашылу салтанатына ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев және Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің халыққа жолдауында "Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз" - деген болатын. Бүгінгі таңда осы бағытта атқарылған шаралар аз емес. Осы жарыста соның бір айғағы. Осы орайда бүгінгі шараны ұйымдастыруға қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігіне Астана қаласы әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. "Дені саудың-жаны сау" демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты жанымызға серік етейік. Баршаңызға зор денсаулық және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!, - деді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев. 23-рет өткізіліп жатқан қысқы спорт фестиваліне 1800 қатысушы тіркелген. Жыл сайынғы қысқы спорт шарасы биыл жиырма үшінші мәрте тойланып жатыр. Әдеттегідей дәстүрлі түрде шаңғы жарысынан қатысушылар саны басым. Өздеріңіз білесіздер біз алдыңғы жылы екі спорт түрін яғни, белбеу күресі мен қол күресін қосқан болатынбыз. Бағдарламаға енгізілген спорт түрлері қала тұрғындарының ұсынысы негізінде іріктелініп алынды. Бүгінгі фестиваль қатысушылар арасында қала тұрғындарынан бөлек әскери бөлімшелер де бар. Әр спорт түріне тіркелген қатысушылардың жасы әртүрлі. Мысалы, шаңғы жарысына 3-4 жастағы балалар, гір спортына 16-18 жас аралығындағы балалар қатысып жатыр. Әр жас санаты үшін медальдар мен бағалы сыйлықтар қарастырылған, - деді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев. Фестиваль барысында қатысушылар 10 спорт түрі бойынша сынға түседі. Олар шаңғы жарысы, гір көтеру, армрестлинг, белбеу күресі, арқан тарту, пималы хоккей, қар ату, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл спорттық фестиваль Астана қаласының тұрғындары мен жастары арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Назым Қызайбай мен Төрехан Сабырхан ел чемпионатының үздіктері атанды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды