«Бұрын халық әкімді іздейтін, қазір депутаттан сұрайды»: Қошанов халыққа берілген уәде жайлы

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумында халық алдындағы жауапкершілік пен уәде туралы айтты.«Баршамызды бір миссия – мемлекет пен халыққа адал, риясыз қызмет ету миссиясы біріктіреді. Бүгінгі жиынның символы ретінде Қазақстанның туы бейнеленген депутаттық төсбелгіні бекерге алып отырған жоқпыз. Мұның мағынасы кең. Өткен жылы, Партияның сьезінде Мемлекет басшысы «Мәслихат депутатының төсбелгісі оны халық сайлағанын білдіреді және депутат тек халықтың мүддесі үшін қызмет етуі керек» деген еді. Сондықтан бізге қойылатын талап та аса жоғары болатынын естен шығармайық. Сайлаушылар басқаларға кешіргенді бізге кешірмейді», - деді Қошанов. Оның айтуынша, қазір қоғамның сұранысы да өзгерген. «Қазір онсыз да қоғамның сұранысы күшейді. Алайда азаматтар бізден орындалмайтын нәрсені сұрап отырған жоқ. Олар берген уәделеріміздің уақытында әрі сапалы орындалуын, реформалардың нақты нәтижесін тағатсыздана күтіп отыр. Олай болса, депутаттардың бел шешіп жұмысқа кірісетін шағы келді. Бұл, әсіресе, мәслихат депутаттарына қатысты. Сіздер – партияның жергілікті жердегі өкілісіздер. Бүкіл өңірлік саясатқа ықпал етесіздер. Сіздердің мойындарыңыздағы жүк жеңіл емес. Бұрын халық әкімді іздейтін, қазір депутаттан сұрайды. Не жағдай болса да, «AMANAT» қайда?» дейді. Оны өздеріңіз де сезініп жатқан шығарсыздар. Біз осы сынаққа дайын болуымыз керек», - деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Онлайнда әйелдер ерлерден көп уақытын өткізеді
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12-ақ жылға сотталды
Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды
Астанада әлі тумаған егіздерге ота жасалды
Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал тақырыбында халықаралық конференция өтті
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды
Бір ғана үміткер қатысты: Грузияда президент сайлауы өтті деп жарияланды
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды