Бұрынғы әйелін кепілдікке алған түркістандық жансақтау бөлімінде жатыр

Түркістан облысында әйелді кепілге алып, өлтіре жаздаған ер адам жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр. Бұрынғы келіншегін пышақтаған күдікті жанжал кезінде өзіне де 7 рет пышақ сұғып үлгерген. Куәгерлер айтуынша, арнайы жасақ тоқтатқанда екеуі де көліктен қансырап шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.Бейнежазбада қансырап жатқан әйел – бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құша жаздаған Сайрам ауданының тұрғыны. Оны экс-жұбайы үйінен пышақпен қорқытып, көлікке отырғызып әкеткен. Ал қызының кепілге алынғанын полицияға анасы хабарлапты. Қызылордаға бағыт алған ер адам арнайы жасақтың күшімен Шымкент қаласында қолға түсті. – Сағат12:00 шамасында машинада отырғам. Бір көлік машинаны сырып өтіп, тоқтады. Артынан қуып келген машинаның сынтында «Арлан» деп жазылған. Бір әйел мен еркек көліктен түсті, – деді куәгер. Жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Күдіктінің аяғына оқ тиген, одан бөлек, ішкі ағзалары сыртқа шығып кетіпті. Іле-шала шұғыл ота жасалған азамат қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың жанында қарулы күзет бар. Дәрігердің айтуынша, ота ауыр өткенімен, күдіктінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. – Түскен кезде сол санында және іш қуысында ашық жарақат болды. Ішкі органдары сыртқа шығып, қан ағып келді. Ішектері тесілген, олар тігілді. Сыртқа шыққан іш-май дезекция жасалды. Ішкі органдарының бәрін жуып тазаланды. Жараларына алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізілді, – деді Шымкент қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ержан Байдуллаев Бұрынғы әйелін кепілге алған көлік иесін «Арлан» арнайы жасағы қолға түсірген. Полиция мәліметінше, күдіктінің талабы «оны қудаламау және жауапқа тартпау» болған. Ал әйелімен үш жыл бұрын ғана ажырасқан ол бұған дейін екі рет сотталған. Арада үш бала бар. Күдікті лудоманиямен ауырады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жылы қандай бағдарламамен үй алуға болады?
Сыбайлас жемқорлық
Қар тазалауға көліктер кедергі келтіруде
Ауа райына байланысты екі қаланың оқушылары қашықтан білім алады
Сербиядан аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды
Электр энергиясы келесі айдан бастап қымбаттауы мүмкін
Мемлекет басшысы Асхат Хасеновті қабылдады
Маңғыстауда жұмысшы мамандықтарына сұраныс артуда
Көшпенділер қалашығына жол салынбақ
Алматылық нейрохирургтер бала өмірін сақтап қалды
Алматыда төбелескен Үндістан студенттері еліне қайтарылады
Бактериялар Альцгеймер ауруын тудырады
Қазақстанда алаяқтар 24 миллиард теңгені жымқырған
Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
Көлік салығы толығымен алынып тасталды
Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізуге негіз жоқ
Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қар тазалауға көліктер кедергі келтіруде
Мобильді аударымдарға қатысты қандай өзгерістер енгізілді?
Бишімбаев ісінде Тахир Халимназаровқа ақша ұсынылғаны рас па?
Тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеңіздер
Павлодарда көлігін қыздырмақ болған әйел адамға ірі көлемде айыппұл салынды