"Нұр-Мұқасан" тобы 2000-ші жылдары хит әндерді жарыққа шығарып, танымал болды. Тарап кеткен топтың әншісі Мұқасан Шахзадаев әріптесі Нұрлан Қонысбаевпен қандай қатынаста екенін "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Топтың құрылғанына биыл 33 жыл болады. Нұрлан өз алдына шығармашылықпен айналысуда. Мен бөлек кеттім. Екеуіміз екі бөлекпіз. Дегенмен, кім біледі? Бәрі мүмкін ғой. Алдағы уақыттың еншісінде. Желідегі суреттегідей кездескенде құшақтасып, амандық-саулық сұрасамыз. Өткенде жақын бір досымыздың туған күнінде бас қосқанымыз бар", - деді Мұқасан Шахзадаев.