«Бұрынғы төтенше жағдай министрі Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі», - ҚР ІІМ

Бұрынғы төтенше жағдай министрі Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы ішкі істер министрі айтты. Марат Ахметжанов әділдік үшін өрттің неден туындағаны жөнінде барлық нұсқалар қарастырылады деді. Ал аймақта жалын әлі басылған жоқ. От шарпыған аумақ 60 мың гектарға жетті. 1800-ден астам адам, 350-ге жуық техника, 12 тікұшақ тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Өрт толық қашан ауыздықталады? Үкімет отырысынан Аружан Задабек тарқатады.Үкімет отырысы қайтыс болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Осыдан соң Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев аймақтың қазіргі жағдайын баяндады. Өрт кезінде орман шаруашылығының екі қызметкеріне иіс тиген, үш үй мен екі техника өртенген. Қазір елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Бұлақ, Талица, Половинки ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндіру үш бағытта жүргізіліп жатыр. Нұрлан ҰРАНХАЕВ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Шығыста ауыр техника орман ағаштарын кесіп, өрттің таралуының алдын алып жатыр. Қалған екі аймаққа жету қиындығын ескере отырып, жаяу және тікұшақпен сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Абай облысындағы орман өртінің ауқымын екі министрлік алдын-ала білген. Бірақ өрттің ауқымына әуел баста дұрыс баға берілмеді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қызыл жалын тараған күні ауа райы 38 градус ыстық болып, желдің екпіні секундына 28 метрге жеткенін айтты. Бұл өрттің тез таралуына себеп болған. Роман СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Олар жағдайды дұрыс бағаламады. Ал өрт тез тарады. Жағдай осыған жетті. Адамдардан айырылып қалдық. Қазір прокуратура тексеріп жатыр. Алдағы уақытта бізге толық жауап береді. Роман Склярдің сөзін Әлихан Смайылов та қоштады. Үкімет басшысы өрт басталған сәтте шұғыл әрекет болмағанын айтып ашынды. Жалынның кең таралуын тоқтату үшін о баста техника мен адамды көп тарту керек еді деді. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Далада немесе орманда өрт шыққан бірінші күні алғашқы сағаттарда тиісті қадамдарды қабылдау өте маңызды. Мұндайда жағдайды дұрыс бағалап, кез келген апаттың алдын алуға барлық күш-жігерді жұмсау керек. Сонда ғана шығын азайып, адам өлімі мен ауқымды апаттан аман қалуға болады.Ел арасында «өрт қасақана қойылған» деген қауесет тарады. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қылмыстық іс жүргізуді Бас прокуратура өз жауапкершілігіне алған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Астанадан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
Жетісу облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Жетісу облысында алты адам қар құрсауында қалып қойды
Талғарда жаңа әкім тағайындау үшін сайлау болып жатыр
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады
"Үздік ауыл дәрігері" номинациясының иегері белгілі болды
Өскеменде жоғалған жас қыздың денесі табылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде топ жарды
Астанада Марин Томасов атындағы көше пайда болады
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы күшейді
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр
Қостанай облысында 15 жаңа медициналық нысан ашылды