БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысқан әскерилер қанша жалақы алатыны белгілі болды

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысатын қазақстандық әскерилер жалақыны доллармен алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Олар Таяу Шығыс пен Оңтүстік Суданға барады."Дербес бітімгерлік миссияның берілуі Қазақстанның әлемдегі беделін көрсетеді. Бұл алғаш рет Голан биіктігінде (Сирия мен Израильдің шекарасы) іске асатын дербес бітімгерлік миссия болмақ. Ротаның құрамына 139 әскери қызметші кіреді. Оның ішінде әскерге шақырылған сарбаздар жоқ. Тек кәсіби әскерилер мен келісімшарттағы офицерлер, олардың барлығы толық дайындықтан өткен. Халықаралық заңнама бойынша барлық бітімгерлік қызмет БҰҰ-ның тәртібі бойынша базаланады", - деді Руслан Жақсылықов Парламенттік бірлескен отырысынан соң.Қазақстанның Қарулы күштерін халықаралық комиссия тексеріп, рұқсат берген."Олар дайындықты өте жоғары бағалады. Бітімгерлікке іріктелген әскерилер жоғары моральдық-іскерлік қасиеті бойынша таңдалды. Мұнда денсаулық жағдайы, әскери тәртіп, әскери қызметші ретінде жеке дайындығы, тілді білу дәрежесі де кіреді", - деді министр.Бітімгерлік миссия бір жылға созылады."2024 жылғы наурызда әскерилер бітімгерлік миссияға аттанады. Әрбір әскери қызметкерге бітімгерлік миссияға қатысқаны үшін бір мың доллар (451 мың 871 теңге - еск.) төленеді", - деді Руслан Жақсылықов.Сонымен қатар, Қазақстан Таяу Шығыс пен Оңтүстік Судандағы миссияға әскери техникасын өзі жеткізеді. Оған бюджеттен қаржы қарастырылған."Қаржы бюджеттен қарастырылған. Қосымша қаржы қару-жарақтарды, оқ-дәрілер мен техниканы тасымалдауға есептелген. Бұл - шамамен 8 миллион доллар (3 миллиард 614 миллион 968 мың теңге)", - деді министр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Патриоттар Отанға адал болуға ант берді
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады: 16 желтоқсан 2024, 08:02 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Бүгін Бахрейн Корольдігінің де Тәуелсіздік күні
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды