«Аш-Шабаб» лаңкестері Сомалиде БҰҰ тікұшағына шабуыл жасап, бір адамды өлтіріп, алты адамды кепілге алды. Kazinform бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.Garowe порталының хабарлауынша, шабуыл Галмудуг штатындағы Хиндире елді мекенінде болған. Түрлі дереккөздерге сәйкес, тікұшақта сегіз-тоғыз адам, оның ішінде сомалиліктер мен шетелдіктер болған. The Wall Street Journal (WSJ) газетінің Сомали әскерилерінің дерегіне сілтеме жасап хабарлағанындай, лаңкестер мысырлық дәрігерді өлтірген. Сондай-ақ Сомали үкімет күштері Галмудуг штатындағы оқиға орнына жеткен. WSJ сілтеме жасаған Сомали әскерилерінің есебінде, борттағы тоғыз адамның арасында екі кениялық дәрігер, Уганда сарбазы және бір сомали офицері болғаны айтылды.Бұған дейін «Аш-Шабаб» содырлары тікұшақты өртеп, экипаж мүшелерінің белгісіз санын тұтқынға алды. Бұл оқыс оқиғаға БҰҰ әзірге түсініктеме берген жоқ.БҰҰ тікұшақтары үкімет әскеріне «Аш-Шабабпен» күресуге көмектесіп жүрген Сомалидегі Африка одағының бітімгершілік күштеріне қолдау көрсетіп жатыр.