Былтыр 2,4 млн гектар жер учаскесі өртенген

ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дала өрттерінің мониторингі туралы айтты.Оның айтуынша, 2022 жылы орман және дала өрттерінің мониторингі бойынша 2,4 млн га өртенген учаскелер анықталды. «ҚР ТЖМ үшін су тасқыны жағдайында және орман және дала өрттері туындаған кезде уақтылы шешім қабылдау үшін ғарыштық мониторинг жүргізілуде. Бұл тиісті мемлекеттік және аумақтық органдардың ТЖ мен оның салдарын одан әрі жою үшін жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде төтенше жағдайлардан келтірілген залал азаяды. Мониторингпен Қазақстан аумағының 272 млн га (100%) қамтылды», - деді ол. Оралмағамбетов атағандай, 2022 жылы ең көп өртенген аумақтар Шығыс Қазақстан облысында – 635 мың га, Қарағанды облысында – 492 мың га, Павлодар облысында – 223 мың га анықталды. «Жер пайдалану мониторингі бойынша - 1 млн га пайдаланылмайтын егістік жерлер, 817 мың га егістік жерлерді мақсатсыз пайдалану, жайылымдық алқаптарда малдың болмауы - 12 млн га анықталды.Бас прокуратура үшін жерді пайдалануға байланысты заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ғарыштық мониторинг қызметтері көрсетіледі. 2020 жылдан бастап мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы барлық жерлерге аудит және жер кадастры ақпараттық жүйесімен салыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстанның барлық аумағында ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдаланудың ғарыштық мониторингі бірлесіп жүзеге асырылуда. Пайдаланылмайтын жайылымдық жерлер Алматы облысында – 1,3 млн га, Ақтөбе облысында - 1,3 млн га, Қарағанды облысында - 1,3 млн га», - деді ол. Оның айтуынша, пайдаланылмайтын егістік жерлер Қостанай облысында – 277 мың га, Солтүстік Қазақстан облысында-126 мың га, Абай облысында – 90 мың га.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда "Француз үйі" атауын құрылыс компаниясының заңсыз пайдаланғаны анықталды
ҚМА Перизат Қайраттың қымбат сөмкелері мен әшекейлерін көрсетті: 13 желтоқсан 2024, 09:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Депутат мұғалімдердің проблемасын қайта көтерді
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Тоқаев Түркіменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Түркістан облысында "Жайлы мектеп" жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды
Алматыда контрафактілік пиротехниканың 150-ге жуық қорабы тәркіленді
Қарағанды ​​облысында өзеннен бала өлі табылды
Жас ғалымдар баспаналы болды
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 29 жыл толуына орай құттықтау жолдады