Былтыр 37 мың азамат әскер қатарына қосылған. Оның 16 мыңнан астамы Қарулы күштерге жіберілді. Өткен жылы әскердегі 4 мыңнан астам азаматтың несиесін төлеуге уақытша демалыс берілген. ҰБТ тапсырмай, жоғарғы оқу орындарына түскендері бар. 1200-ге жуық әскери экономиканың нақты секторында сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлықтан өтті. Руслан ЖАНГУЛИН, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері мемлекет есебінен заттай мүлікпен, тамақпен және ай сайынғы ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі. Техникалық, кәсіптік, жоғары білімі бар әскери қызметшілер алты ай қызмет өткергеннен кейін келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы. Былтыр бұл мүмкіндікті 852 сарбаз иеленді.