Былтыр АИТВ жұқтырған 30 әйел дүниеге сау бала әкелген

Былтыр АИТВ жұқтырған 30 жүкті әйел дүниеге 31 сау нәресте әкелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Бұл туралы Астана қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының емдеуші дәрігері Л. Әбілова «АИТВ-ның анадан балаға жұғуының алдын алу жолдары» тақырыбында өткен семинар-тренингте мәлімдеді. Дәрігердің айтуынша, АИТВ-ның анадан балаға берілуі – медицина саласының кез келген маманының алдындағы жауапты мәселе. "Мамандарымыз осындай кездесулерде пікір алмасып, тәжірибе бөлісе отырып, АИТВ-мен тіркеуде тұрған аналарымызға сәби сүю мүмкіндігін тудыра отырып, өмірге келетін нәрестелердің сау болып туу жолдарын көбейтуді көздеуде. АИТВ жұқпасының анадан балаға берілуі көбінде науқастардың дәрігерлерінің кеңесіне құлақ аспаудан және диагноздың анықталған уақытына тікелей байланысты. Кейбір жағдайда болашақ аналар қойылған диагнозға сенбейді. Сол себепті емдеу шараларын ертерек бастауға кедергілер туындайды", - деп атап өтті дәрігер. Сондай-ақ қауіпті індетті жұқтырған әйелдерге ана болудан бас тартудың қажеттілігі жоқ деп отыр. "Бірлесіп атқарған жұмысымыздың нәтижесінде бала туу жасындағы әйелдерде контрацепция әдістерін қолдану арқылы ана болу мүмкіндігін сыйладық. Соңғы 20 жылдан астам уақыт ішінде АРТ арқасында Астана қаласында АИТВ-мен ауыратын әйелдерден 200-ге жуық сау бала дүниеге келген. Бұл елімізді АИТВ инфекциясын анадан балаға жұғудан бос мемлекет атағын алуға зор ықпал етеді", - деді Л. Әбілова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты