Былтыр бюджеттің 81 миллард теңгесі игерілмеген. Қомақты қаржыны жарата алмаған 100-ден астам мемлекеттік қызметкер жазаланды. Оның ішінде 82-і лауазымды тұлға. Теңгені тиімсіз жұмсағандары да бар. 421 миллиард теңге желге ұшты. Ал бюджет тапшылығы 2 триллион теңгеден асып кетті.Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҚАРЖЫ МИНИСТРІ: Бюджет түсімдері 102,1%-ға атқарылды және 16,1 трлн теңге болды. Шығыстар 18,5 трлн теңгеге немесе 98,6%-ға атқарылды. Бюджет тапшылығы 2,1 процент болды. Бұл жалпы 3,5 шаққандағы көрсеткіш.