Былтыр ғана 10 жылға сотталған Кентау қаласының бұрынғы әкімі түрмеден босатылды

10 жылға сотталған Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов түрмеден босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, Дәурен Махажановтың бас бостандығынан айыру жазасы айыппұлға ауыстырылды. Айта кетейік, 2022 жылдың шілдесінде сот оны 50 миллион теңге пара алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда бір жылдан кейін Жоғарғы сотта бас прокуратураның наразылығымен оның әрекеті алаяқтық ретінде қайта қаралған. Шенеуніктің жәбірленушіден ақшаны пара ретінде алмағаны, жәбірленушіні алдап соққаны анықталған. Осылайша "пара алуға оқталу" бабы "алаяқтыққа оқталу" болып қайта қаралып, әкімнің жазасы 10 жылдан бес жылға дейін қысқартылған. Ал қыркүйекте Махажанов колониядан босатылды. Бұрынғы шенеунік 1 миллион 988 мың теңге айыппұл төлеп, бостандыққа шықты. "2023 жылдың 8 қыркүйегінде Қапшағай қалалық сотының бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлмен ауыстыру туралы қаулысы негізінде сотталушы Д.Махажанов Заречный кентіндегі №57 мекемеден шығарылды", – деп хабарлады Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі өкілдері. Үкім заңды күшіне енді. Осылайша экс-әкім 15 айға жуық уақытын темір тордың артында өткізді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
Абай облысында І халықаралық скрипкашылар байқауы өтті
Синоптиктер Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Қазақстан-Қытай шекарасының жұмысы тоқтатылады
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
Мереке күндері қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар қандай
Синоптиктер Алматы тұрғындарына ескерту жасады
"Tasqyn": Су тасқынын болжайтын ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр
Атырауда үйдің ауласынан еркек пен әйелдің денесі табылды
Елімізде су инфрақұрылымын жаңғырту қалай жүргізіледі
Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады
Аса ірі көлемде есірткі таратқан қарағандылық сотталды
Өзбекстандық тістеп алған: аппеляциялық шағымнан кейін қазақстандық боксшы Азия чемпионы деп танылды
Ер адамдар бұлшықет өсіру үшін алатын екпелер денсаулыққа зиян емес пе?
Көктайғақ, тұман: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Жігіттермен төбелескен: Атышулы трансгендер қамауға алынды
Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?
Жамбыл облысында жолдың бойында жүк көлігі өртенді
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жұмаға арналған ауа райы болжамы
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?