"Былтыр жаңа жыл қарсаңында 400-ге жуық өрт шыққан", - ТЖМ

Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас басталды. Базар маңында пиротехника сататындар көбейді. Мамандар қауіпсіздік шаралары жайлы қанша дабыл қақса да, жыл сайын қайғылы жағдай тіркеледі. Былтыр жыл басын отшашумен қарсы алмақ болған 14 адам тіл тартпай кеткен. 16-сы ауыр жарақат алған. Мереке қарсаңында былтыр ел бойынша 400-ге жуық өрт тіркелген. Қайғылы жағдайдың көбі өрт қауіпсіздігін сақтамағаннан болды, -дейді төтенше жағдайлар министрлігі.Дмитрий ТИТОВ, ҚР ТЖМ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Пиротехникаларды сатып аларда контрафакты емес екеніне көз жеткізу керек. Яғни, зауыттан шыққан түпнұсқа болуы шарт. Біз оны рейд барысында да тексереміз. Ал қолданар кезде тұрғындар қарапайым қауіпсіздік шарасын сақтаса дейміз. Көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен отшашу ұшқыны кіріп кетіп, өрт шыққан факт тіркелген. Адамдар тұрған жаққа бағыттауға болмайды. Жел екпіні қатты болса, отшашу мүлдем атпау керек. Фейерверкті тұтатқан соң қолда ұстап тұруға болмайды. Тұтанбаса 2-3 минут ішінде жанына жақындау аса қауіпті. Мамандар 14 жасқа дейінгі балалардың қолына пиротехника бермеуге кеңес береді. Мерекелік шыршаны безендіретін өнімдердің электр сымы зақымдалмаған болуы шарт. Әрі жылу беретін заттардың жанына шырша құрмаған жөн.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлемдегі уақыт саясаты: Уақыт белдеуі ұғымы қайдан шықты?
Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады: 12 желтоқсан 2024, 09:37 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Асату...
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды