"Бюджеттен қыруар қаражат бөлінеді, бірақ студенттерге жатақхана жетіспейді", - депутат

Жатақханаларға 1-курс студенттерін ғана орналастыру дұрыс емес. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев "AMANAT" партиясының жастар ісі жөніндегі кеңесте айтты. Сөзінше, студенттер үйінен орын ала алмаған білім алушы жағдайы жасалған жалдамалы пәтер таба алмайды. Тапса да ақысы қымбат. Депутат "бұл мәселені тез арада шешу керек", - дейді. Жастарды жатын орынмен қамтамасыз ету үшін 2019-23 жылдары бюджеттен 9,7 миллиард теңге бөлінген. Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  Жыл сайын жатақханамен жабдықтау мәселесіне бюджеттен қыруар қаражат бөлінеді. Бағдарламалар бар. Мемлекеттік әріптестік арқылы жасалатын жатақханалар бар. Бірақ, мұның саны барлық студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге жетпейді. Бұл- үлкен мәселе. Елімізде 1 миллионнан астам студент бар. Биылғы оқу жылында жатақханаға орналасуға 129 мың өтініш түскен. Бірақ біздегі студенттер үйі тек 106 мың білім алушыға арналған. 23 мың студент баспанасыз қалуы мүмкін деген қауіпті естіп Ғылым және жоғары білім министрі хостелдермен келіссөздер жүргізген. Талғат ЕШЕНҚҰЛОВ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Бұл хостелдерде, жатақханаларда тек студенттер тұратынын атап өткен жөн. Ол талапты біз хостелдердің алдына міндет ретінде қойдық. Жалға алынған хостелдерді, жатақханаларды мемлекеттік жатақханалардағыдай камералар қоюды ұсындық.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті
Жаңа Зеландиядан жеткен жаңалық
«Алтын қор»: тарихи фотосуреттегі кімдер екенін білесіз бе?
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Жітіқарада үйі өртеніп, бес баласынан айрылған әйел сотталды
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Анастасия Городко Қазақстанға Универсиаданың екінші алтын медалін сыйлады
Қазақстан студенттері фристайл-могулдан Дүниежүзілік қысқы универсиадада үздік нәтиже көрсетті
Ақмола облысында 80 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды
Ақмола облысында мас танысының атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
Атырауда 1,8 млн дана балық шабағы құтқарылды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония ғимараты қайта жаңғырады
Жаһан Отарғалиев ажырасып кеткен соң 1,5 жылға жуық уақыт салып, қайта үйленді (ВИДЕО)
Өмірін қатерге тігіп, өртенген үйден адамды құтқарған курсант алғыс хатпен марапатталды
Жеңіліс тілейтін Биволдың бұрынғы әйеліне қатысты сот үкімі шықты
19 киік жануарын тасымалдаған төрт қызылордалық ұсталды
"Таза Қазақстан": Астанада QAR FEST аққалалар байқауы өтеді
Анастасия Городко екі дүркін қысқы Универсиада чемпионы атанды