"Біз біргеміз" жалпыұлттық телемарафонв

«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоныӨтетін күні: 30 сәуір 2024 жылӨтетін уақыты: 17:00 – 22:00Бірлік күні қарсаңында алғаш рет 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді.Телемарафонның басты кейіпкерлері – табиғи апат кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар.Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер мен сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін танытқан ел тұрғындары бар.«Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Еуразия», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana TV», «7 арна» және «Almaty TV» телеарналарының 5 сағаттық тікелей эфирінде тасқын басқан аумақты көзбен көріп, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарының жан тебірентер оқиғалары, табиғи апат аймақтарынан репортаждар беріледі.Сондай-ақ телемарафонда ресми орган өкілдері өңірлердегі апат салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары мен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды қалпына келтіру, материалдық шығындарды өтеу жөніндегі мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы есеп береді.«Біз біргеміз» телемарафонында Қазақстанның 8 өңірінен: Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстарынан тікелей қосылым ұйымдастырылады.Шараның онлайн трансляциясы 10 телеарнаның ресми сайттарында, Facebook және YouTube желілерінде жүргізіледі. Марафон материалдары http://t.me/bizbirgemiz_marathon Telegram-арнасында жарияланады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
24 қарашада елімізде ауа райы қандай болады
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
Енді баспана беру кезінде кезекке тұрған мерзім ескеріледі
24 қарашада елімізде ауа райы қандай болады
Енді баспана беру кезінде кезекке тұрған мерзім ескеріледі
“Кездесуге ешкім шақырмайды“. Назым Қызайбай жеке өмірі туралы
Алматыдағы тұңғыш қазақ мектебіне 100 жыл толды
2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін
«Әлеуметтік әмиян» сервисінің көмегімен 560 мыңнан астам дәрі-дәрмек тегін берілген
Солтүстікте таратылатын ауылдардың тұрғындары қайда көшіріледі?
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік Гран-приден екінші орын алды
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары 3 алтын, 4 қола алды
Алматылық университет Еуропалық желінің 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді
Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
80 мың теңге пара алған колледж директоры 2 млн теңге айыппұл төлейді
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты