Танымал әнші Дильназ Ахмадиева өнердегі әріптесі, құрбысы Мақпал Исабековамен араласпай кеткенін айтты. Бұл туралы өнер иесі Тимур Балымбетовке берген сұхбатында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Әнші көптеген құрбылары өзіне қастандық жасағанын жеткізді."Араласпай кеткенімізге төрт жыл болды. Біз енді жақын құрбы емеспіз. Солай болып қалды. Жолымыз бөлек екен. Екеуміздің достыққа деген көзқарасымыз да әртүрлі екен. Жаман ештеңе болған жоқ. Көрген жерде амандасып тұрамыз. Бір-бірімізді көрместей болып кеткен жоқпыз. Соңғы кезде қасымдағы жақындарым азайып қалды. Анамды есептемегенде жақын деген үш адамым ғана бар. Анам – ғана ең жақын құрбым. Маған манипуляция жасады, алдады, сатқындық жасады. Осының бәрін құрбыларым жасады. Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын", – деді Ахмадиева. Сонымен қатар, әнші ұлына диагноз ұойылғанын айтты."Тоғыз жыл күткен ұлым Зейданның денсаулығы сыр беріп жүр. "ЗПРР" деген диагноз қойды. Оны естігенде есеңгіреп қалғаным рас. Қабылдау қиын болды. Бірақ ондай диагноз екінің біріне қойылады екен. Қазір ұлымды емдетіп жатырмын. “Балабақшаға берсең, балалармен ойнап кетеді" - деген ақыл айтатындар – ақымақ. Балаға бірінші ата-анасы көмектесуі керек. Барлық қиындықтың шығатын жолы бар", – деді әнші.