"Біз ядролық қарудан ада әлем үшін күресімізді тоқтатпаймыз" – Президент

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйекте өтетін БҰҰ-ның Келешек саммиті қарсаңында әлемдік қоғамдастықты өзара кеңесу және инклюзивтілік қағидаттарына негізделген көпжақты ұстаным туралы ойлануға үндеді.Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан көпжақты ұстанымға бейіл екенін білдіруге қашанда әзір. Биыл еліміз ШЫҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, ҰҚШҰ, Азық-түлік қауіпсіздік жөніндегі Ислам ұйымы және Халықаралық Аралды құтқару қоры секілді алты халықаралық құрылымға төрағалық етеді. «Жаһандық басқару жүйесінің осал тұстары айдай анық, ол ешкімге құпия емес. СOVID-19 пандемиясы елдердің ортақ проблеманы еңсеру үшін «қабырға тұрғызбай, көпір салуы» қажет екенін көрсетті. Осы түйткілдердің ішіндегі ең қорқыныштысы – ядролық қатер. Қазақстан – ядролық қарудан әбден зардап шеккен ел. Осы себепті біз ядролық қарудан ада әлем үшін күресімізді тоқтатпаймыз», – деді Сингапурде дәріс оқыған Тоқаев. Президенттің пікірінше, көпұлтты және көпконфессиялы қоғам Қазақстан мен Сингапурдың ұтымды тұсы саналады. «Былтыр қыркүйек айында «The Jerusalem Post» басылымында «Діндер көшбасшылары бүкіл әлемде бейбітшілік орнауына ықпал ете алады» деген мақалам жарық көрді. Бейбітшілік мәдениеті тек бірлігіміз әралуандықта және өзара құрмет қағидаларына ғана негізделе алады. Бұл ретте Қазақстан бастамасымен ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезі диалогты дамыту және ортақ құндылықтарды насихаттау үшін бірегей алаңға айналды. Біз Сингапурдың Бірлігі жарасқан қоғам халықаралық конференциясын өткізу жөніндегі бастамасын (ICCS) құптаймыз», - деп мәлімдеді мемлекет басшысы. Тоқаев 2022 жылы сәуірде Медиативті келісімдер туралы Сингапур конвенциясын ратификациялаған заңға қол қойғанын еске салды. Айтуынша, бұл трансшекаралық мойындау процесінің тиімділігін арттырады және бітімгерлік реттеу туралы келісімнің орындалуын қамтамасыз етеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қосшы қаласында 15 кәсіпкерге 4,5 млн теңгелік берешек төленді
Қазақстандықтар Сириядағы соғыстық қимылдарына қатысқаны үшін сотталды
Нұрдәулет Ақыш: Шығармаларымның сюжеттерін өмірден алдым
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды