«Бізде жылап жүретін уақыт жоқ», - Айкүміс Рустамқызы

Елімізде арбаға танылғандар үшін ешқандай жағдай жасалмаған. Елордадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар осылай дейді. Айтуларынша, кейбір автобустар мен ғимараттарда арнайы пандус жоқ. Салдарынан ерекше жандардың жүріп-тұруы мұңға айналған. Әріптесім Аружан Задабек мүгедек арбасына өзі отырып, қала ішінде жүріп көрді. Қандай қиындықтарға кезіккенін айтып береді.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Тағдыр тауқыметін тартып жүрген мүмкіндігі шектеулі жандардың алдынан кезігетін мәселе көп. Әсіресе, қыс басталып, қар түскеннен кейін олардың алдынан кездесетін мәселе одар әрі көбейе түседі. Мынандай тайғақ жолда арбамен жүру қиын, расында. Мүмкіндігі шектеулі жандар қала ішінде пандусы бар ғимарат аз дейді. Бар болғанның өзінде талапқа сай емес. Құлап, жарақат алуың әбден мүмкін. Оны біз де тексердік. Эксперимент жасап, арбаға отырып шаһардағы бірнеше орынға барып едім... Кембағал жандардың әр күні осындай экстримге толы. Қиындықтардан әбден мезі болған Айкүміс Рустамқызы қыс басталса қимылдауымыз тіптен қиындайды дейді. Айкүміс РУСТАМҚЫЗЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қар қалың жауып кетеді. Кейбір кезде күремей қояды. Жаздың күні де кез-келген, бір жаққа баратын болсам мен алдын-ала хабарласамын. Ол жақта пандус бар ма, ол жақта маған ыңғайлы ма деген сұрақтарды қоямын. Пандустар қатып қалады. Егер электронный бір кнопкалар болмаса, қазір көбіне кілтпен ашатын ғой. Кейде ашамын деп сынып қалып жатады. Астана қаласын транспорт жүйесімен қамтамасыз ететін компания қазір қала ішінде қатынайтын автобустарда арнайы пандус бар, қауіпсіздік шарасы сақталған дейді. Ғани ТӘЖИЕВ, «CTS» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Елордада қоғамдық көлік желісі 96 бағыттан тұрады. Күн сайын 800-ден аса автобус жолаушы тасымалдайды. Олардың 70 процентінде пандус бар. Ал жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Инватакси» қызметін іске қосқан. Қазір Астанада 48 автокөлік мүмкіндігі шектеулі жандарды діттеген жеріне жеткізеді. Бірақ алдын ала жазылып, тапсырыс беру керек. Өйткені барлығын бірдей қамтуға мүмкіндік жоқ. АСТАНА қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ: Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға, мүгедектерді автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес Мүгедек адамдарды тасымалдау бойынша Инватакси қызметін ұсынады. Қазір «Инватакси» қызметі 1741 адамды қамтып отыр. Тағдыр тауқыметін тартып, арбаға таңылған Айкүміс те бұл қызметті алу оңай еместігін айттады. Айкүміс РУСТАМҚЫЗЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Олар 3-4 машина, біз көппіз ғой. Және көп жағдайларда олар сынып қалуы мүмкін жолда, шұғыл жағдайлар болған кезде осындай қиындықтар туындап қалуы мүмкін. Бізде жылап жүретін уақыт жоқ, шыны керек. Біз әрнәрседен жақсылық көруге тырысамыз. Астанада 20 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады. Оның 2 мыңы – бірінші, ал 8 мыңға жуығы – екінші топтағылар. Қоғам белсенділері осы жандардың жауыр болған мәселесі қашан шешіледі деп ашынады. Гүлнар ОМАРОВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Ыңғайсыз жерлер, пандустар өте көп. Бұл жерде айтарым, ең бастысы, неге біз мүгедектігі бар адамдарды жиі көшеден көрмейміз? Күнделікті өмірде көрмейміз. Өйткені олар өздерінің үйлерінен шыға алмайды. Мәселе сонда. Үйдің ішінде де жағдай жоқ. Қазақстанда 670 мыңнан астам мүгедек тұрады. Оның ішінде 62 пайызы еңбекке қабілетті жаста, 25 проценті зейнеткер. Қалғаны 18 жасқа толмаған балалар. Олардың бәріне ортақ бір тілек бар. Қоғамда кедергізсіз жүргенді қалайды. А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
Елена Рыбакина Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанды
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?