"Бізден "кешірім" видеосын сұрады". Мирас Жүгінісов пен Мархаба Сәбидің арасында қандай кикілжің бар?

Мирас Жүгінісов пен Мархаба Сәбидің арасында қандай кикілжің бар? Істің мән-жайын Мирас Жүгінісовтың продюсері Марғұлан Әден "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Осыдан 5 ай бұрын композитор Мархаба Сәби танымал әнші Мирас Жүгінісов әндердің авторлық құқығын бұзып, әндерді авторлық рұқсатынсыз орындап жүргенін айтып, ренішін білдірген болатын. Бұл туралы композитор әлеуметтік желідегі парақшасында видео жүктеген еді. Кикілжіңге не себеп болғанын Марғұлан Әден ашып айтты."Әлеуметтік желіде осы тақырыпқа қатысты көптеген жалған ақпарат тарады. Біз Мархаба Сәбиден мұндай жазбаны мүлде күтпедік, ойламадық та. Негізі Мирастың ол кісімен жұмыс жасамағанына біраз болған, бірақ сол кезде ол кісі Мирасқа ренжулі болған. Біз өз тарапымыздан мейлінше ол кісімен жақсы қарым-қатынаста болуға тырыстық, әнін алу үшін емес, жәй ғана жақсы қарым-қатынаста болу үшін. Мен Мархаба Сәбиді өмірімде көрмегенмін. Негізі бұл әңгіме неден басталды? Мирастың інісі Мұхамедәлі Жүгінісов Мархаба Сәбидің "Уақыт" деген әнін "Қазақстан дауысы" жобасында айтады. Бірақ әнді айтқан кезде әннің авторы ретінде Мархаба Сәбиді емес, қазіргі Мирастың әндерін жазатын Саят деген жігіттің есімін жазып қояды. Мұхамедәлі әнді түсте 13.00 шамасында орындады, оны біздің директор Еркош 16.00 шамасында көріп, автордың дұрыс көрсетілмегенін қоңырау шалып айтып қойған. Мұхамедәлі "мына әнді кім айтады?" деп тіпті бізден сұрамаған, ол Саят деп ойлап, жазып жібере салған. Youtube-қа шыққан видеоның астындағы жазбаны өзгертемін дегенше, Мархаба Сәби жазба жариялап тұр. Біз негізі Мархаба Сәбидің жазбасына дейін "авторды өзгерт" деп айтып қойған едік. Содан Мархаба Сәби "автор ретінде көрсетілмегенмін, әндерінің астына менің атымды жазбайды" деп ренжіді. Біз Youtube-қа салынған ешқандай ән немесе бейнебаянның астына титр жазбаймыз. Бірақ басқа платформаларға жазып жүрміз. Осы тақырып көтеріліп, арада кикілжің туғанда ол кісіге скриншотын жіберіп, бірден кешірім сұрау үшін Мирас қоңырау шалды. Бірақ ол кісі Мирасқа "мен ренжіп жатқан жоқпын, өткен нәрсе ғой" деп жауап берді. Алайда ол кісі жазбаны өшірген жоқ. Біз "өшіріңізші" деп айтайық дедік те, "өзі түсінетін шығар" деп қойдық. Бірақ әлі де өшірмеді.Содан артынша екінші жазба пайда болды. Біз түсінбей қалдық. Ол кісі бізден "кешірім" видеосын сұрады, мен Мирастың камераны қосып қойып, "кешірім сұраймын" деп айтып жатқанын елестете алмадым. Біз недегенімен әнді сатып алдық, Мархаба Сәбиге әннің сатылып жатқаны ескертілген. Ол екінші жазбасында "бәрі жақсы, кикілжің жоқ, бірақ күшті де емес" дегенге келтірді. Сөйтті де артынша өз әнін шығарды", - деді Марғұлан Әден

Читать источник astanatv.kz/kz/
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды